Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Күн сайын амандықтарыңызды сұрап дұға етем": Баян Мақсатқызы әкесін туған күнімен құттықтады

13 қазан 2021, 14:20

Баян Мақсатқызы отбасымен әкесінің туған күнін тойлады. Ата-анасына алғыс айтып, ақ тілегін арнады. Продюсердің әкесі Мақсат Мұхитденов 75 жасқа толып отыр. 

 
“Кеше әкеміздің туған күніне орай отбасылық кешкі ас іштік. Жақындарыңмен мерекені тойлаған ең бақытты сәт. Әкем 75 жасқа толды. Ал ол әлі де жаңа белестерге жетуге ұмтылады. Жаңа әндер мен өлеңдер жазып жатыр. Біздің үлкен отбасымыздың басын қосып отыр. Оның қасында біздің анамыз. Анам біздің отбасылық ошағымыз. Біздің әлеміміз. Біздің өміріміз. Балалардың, немерелердің, шөберелердің тірегі. Әр күн сайын ата-анамның денсаулығы үшін дұға етем. Өмірім үшін, тәрбием үшін, махаббаттары үшін сансыз алғысымды білдіргім келеді. Туған күніңмен, әке”, – деп жазды Баян Мақсатқызы. 

Өнер өкілдері мен желі қолданушылары ақ тілегін арнап, құттықтасып жатыр білдірді. 

“Ұрпағымен мың жасасын ата-анаңыз”, – деп жазды Ерғали Әбдірайымов. 

“Әкеңіздің денсаулығы мықты болсын өмір жасы ұзақ болсын”, “Ұзақ жасасын, Баян ханым”, “Ұлықпандай ұрпағымен мың жасасын”, “Ата-анаң жаныңда болған қандай бақыт”, “Ата-аналар аман болсын, 100 жасасын, бейнет көрсін”, “Денсаулығы мықты болсын, ауырмасын”, – деп жазды олар.

stan.kz