Инста-Алаш

Құралай ханым:"Отыр десе, отпаған қонаққа барғыш Италияндықтар қәзір ах ұруда..."

  • Құралай ханым:

    Құралай ханым:"Отыр десе, отпаған қонаққа барғыш Италияндықтар қәзір ах ұруда..."

ҚЫТАЙДА КОРОНОВИРУС НЕГЕ ТЕЗ ЖАЙЫЛДЫ?! Вирустың ошағы, қаңтардың басында Қытай жаңа жылын тойлайтын уақытқа келіп, үдеген кезі болатын.

Биліктің үйден шықпаңдар деген жолдауына, әр жаңа жылда дәстүр бойынша, ата-анасын, туыс-туғанын құттықтайтын қытайлықтар, ауылдарына, басқа қалаларға баруын тоқтатпады. Себебі бұл мерекені олар бір жыл күтіп, ерекше дайындалады екен.
Сол себептен вирус өте көп адамдарға таралып кетіпті. Италияда да сол...
Отыр десе, отпаған қонаққа барғыш Италияндықтар қәзір ах ұруда... "Немене таңмен таласып, елді оятып құтырып жүрсің?", "Билік сені байлап алды ма?", "Қорқыныш құймай тыныш отшы"-т.б. деп жатқан #біртәтелеріме айтарым:

Қәзір билікке мынадай жағдайда бармаймын. Барар кезде өзім айтам сіздерге #баражатырмын д #өскендеминистрболатынымды Қошмамбетте бәрі біледі баяғыдан

Ал дәл қәзір, шындап келгенде, Халқым үшін алаңдап отырмын!
Тура Қытайдың мерекесі секілді Наурыз келе жатыр!
Азанға келмесе де, Қазаннан қалмайтын Қазағымды білемін! Бізге жөндеп түсіндіріп, Қазақша мың рет айтпаса, оны-мұныға #бырт демейтін елміз ғой. Ертең көшенің басындағы құрдастардың үй жағынан #НаурызКөженің иісі бұрқ ете қалғанда, барып ауыз тиіп кемесек, ұят тіпті, тырс етпей отыра береміз бе құрсын деп, айттап кететінімізден қорқамын!
Қәзір басы ғана, екі үш күн ұйқы қанып, демалым болған соң, Наурыз мейрамға қарсы, жыбыр-қыбырымыз басталып кете ме деген күдік бар!
Кең далаға әзер сыйып жүрген патша көңіл көшпенді халқымыздың қаны ол бар!
Тыпырлап төрт қабырғадан, бес баламызбен вирус кемей жатып, бір жаққа тайып тұрғымыз кеп тұр ғой уже

Бұрыннан жүр дегенде жүре салатын, Қал дегенде қала салатын тәртіпті басым, мына індет, өзі санаулы, момын қазағыма жайылып кетпесе екен деп тәртіпке үйретіп жатқан түрім!
Сақтансаң - сақтаймын!- дейді емес пе?!
Сақтанайық Қазақтар! 

Инстаграмдағы парақшасынан




Көрілген: 1498    Пікірлер: 0

жұма, 20.03.2020, 11:39

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30