Құралай Омарова:"Жертва рөлінен қалай шықтың?"

Құралай Омарова:"Жертва рөлінен қалай шықтың?"

"Жертва рөлінен қалай шықтың?"
Өткенде жазған посттан кейін жекеме осындай сұрақтар көп келді.
Бұл образдан шығу маған оңай болмады.
35 жасыма дейін өзімді жертва рөліндемін деп ойламаппын. Өмірдегі сәтсіздіктерімнің бәрін тағдырдан немесе біреуден көре салатынмын. Тіпті "құдай маған сондай тағдыр жазған" деп құдайға жаба салатынымды қайтесің.
2017 жылы көктемде қатты депрессияға түсіп кеттім. Шығайын десем, қолын созған ешкім жоқ. Сол кезде Ошомен таныстым. Күні-түні аудиокітаптарын тыңдадым. Ол мені депрессиядан ғана алып шыққан жоқ, жан дүниеме төңкеріс жасады. "Надо быть легким" дейді. Содан бастап өмірге жеңіл қарай бастадым. Өзімнің ішіме үңілдім. Сөйтсем жертваның рөліне әбден кіріп алыппын.
Жауапкершілікті өзіме алу керектігін түсіндім. Құдай өмір береді, жан береді. Бірақ менің әр сәтсіздігімді құдай дәптерін ашып жазып отырмаған шығар. Адам тағдырын өзі жасайды деген ойға келдім.
Әр сынақ, сәтсіздік бізге жарақатымызды емдеу үшін беріледі екен. Ал біз оны түсінбей, ескі жараның үстін тағы да тілгілейміз. Тереңдете түсеміз. Мұның бәрі өзіңді жақсы көрмеуден, "мені ешкім жақсы көрмейді" деген бала күнгі ойдан екен.
Адам проектор сияқты. Ішінде не бар, соның сәулесін түсіреді. "Мен махаббатқа лайық емеспін" деген ойда болсаң, соны дәлелдейтін адамдар табылады.
Өміріме, жүріп өткен жолыма анализ жасадым. Жарақатымның түп-тамырын таптым. "Мені әке-шешем жақсы көрмейді" деген ой екен. Көз алдыма мамам мен папамның әпкем мен сіңілімді жетектеп, мен олардың артында келе жатқан картина келді. Екеуінің үстінде көйлек, бастарында бантик. Менің шашым қысқа, шортик кигем. Аяғым маймақ. Төртеуінің артында кетіп барам. Көзіме жас келді. Кіп-кішкентай Құралайды еркелеткім, оған да бантик тағып, көйлек кигізгім келді.
(Жалғасы келесі санында )

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста