Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Қызды болғанша туа беремін": Сая Оразғалиева үш ұлдың анасы атанбақ

25 шілде 2022, 17:31

Жуырда тағы да сәбилі болатынын жариялаған Сая Оразғалиева гендер-пати жасады. Ол үш ұлдың анасы атанатынын көпшілікке хабарлады. Актриса қызды болғанша бала туатынын мәлімдеді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оразғалиева жақындарының басын қосып, болашақ сәбиінің жынысын анықтады. Ақырында актрисаның ұлды болатыны белгілі болды.

"Ұл болатынын сезгендеймін. Оған бола көңіл күйім түскен жоқ. Имран екеуі егіздер сияқты қатар өседі. Үшіншісі қыз болса, осымен тоқтаймын деп ойлағанмын. Бірақ енді қызды болғанша туа беремін. Ханшайымның анасы болу қандай екенін сезінгім келеді", –  дейді актриса. 
Оразғалиева өткен жылдың желтоқсан айында екінші сәбиін дүниеге әкелді. Бүгінде актрисаның екі ұлы өсіп келеді. Жыл соңына дейін ол тағы бір ұл баланың анасы атанбақ.