Инста-Алаш

Лира Қоныс:"Біз, қазақтар, соңғы жылдары пейіліміз тарылып, қызғаншақ, ашкөз боп кеттік қой"

  • Лира Қоныс:

    Лира Қоныс:"Біз, қазақтар, соңғы жылдары пейіліміз тарылып, қызғаншақ, ашкөз боп кеттік қой"

Көршіміздің ауласында апельсин ағашы бар. Онысы самсып пісіп тұр. Жемісі тәтті, шырынды. Көршіміз бүгін таңертеңнен бастап жеміс жинады. Сатпақшы ма дегенмін, сөйтсем, ойы басқа екен. Іріктеп, үлкен қорапқа сап, өткен-кеткен адамдар тегін жесін деп көшеге шығарып қойды. Біз Калифорнияның ең салқын бөлігінде, Невадаға жақын аумағында тұрамыз, таунымыздан ары қарай тау, ормандар басталады. Сөйтсе де, күн бүгін +15 жылы болды. Енді күн санап ыси бермек. Ал, апельсиннің іші күн жылыса болды тал басында тұрып-ақ кеуіп кетеді екен. Соны білетін көрші кемпір босқа кеуіп қалғанша жұрт жесін деп азаннан бастап жеміс қағыпты.

Американдықтардың көбі осындай, пейілі кең, басы артық сұғанақтық жоқ, ашкөздік жоқ. Құдай бұлардың осы пейіліне қарап, байлықты еселеп бере түседі-ау. Біз, қазақтар, соңғы жылдары пейіліміз тарылып, қызғаншақ, ашкөз боп кеттік қой, құдай сондықтан да өзіміз сыяқты тойымсыз патша, жемқор билік, теңгемізге тұрақсыздық беріп отырған сыяқты. Пейілі жаман адамға құдай бақ бермейді деуші еді, әжем.

Пейілі жаманның бірі өзім едім. Елде тұрғанда пакет екеш пакетті пайда көріп, Магнумда екі-үш затты бір пакетке салатын дағдымды Америкаға кеп те жасап жүрдім: универдің аты жазылған футболканы бізге тегін беретін, құны $6 тұратын кәдімгі шыт жейде. Студенттер содан біреу ғана алады, өйткені, оларда ашкөздік жоқ. Кейбіреуі тіпті менсінбей алмайды да. Ал, мен ары өтіп бара жатып біреуін, бері өтіп бара жатып біреуін аламын. М деген размер маған симайды ғой, бірақ, М тұрмақ, ХS болса да ала беремін. Себебі, ашкөзбін. Оның бәрін кие беретін он балам жоқ, үйде шкафтан орын ап жатты босқа. Тағы бірде универдің аты жазылған тегін рюкзак үйіліп тұрды. Көп студент алмады: өзімізде үш-төрт рукзактан бар десті. Ал, сол сөмкенің менде үшеуі бар, әр кіріп шыққан сайын ала бергем. Жалпы, сол сөмкенің бәрін универдегі қазақтар бөліп алған сыяқтымыз, бір бас қосқанда бәріміз сондай рюкзак ұстап жүрдік)) Өзім кола ішпеймін ғой, сөйте тұра, Кока-Кола компаниясы көшеде жарнама жасап тұрса тегін коладан бергенінше алып кететінмін. Ал, қазір пейілімді тәрбиелеп жүрмін. 

Инстаграмдағы парақшасынан




Көрілген: 1193    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 27.01.2020, 11:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31