Инста-Алаш

"Махаббат өтті": Жарқынай Ханайым жеке өміріне қатысты сыр шертті

  • "Махаббат өтті": Жарқынай Ханайым жеке өміріне қатысты сыр шертті

Әнші, актриса Жарқынай Ханайым "Рауза" телехикаясындағы рөлі үшін продюсерлеріне алғыс айтып, жеке өміріне қатысты сыр шертті. Ол махаббаттың өткенін, ешкімге реніші жоқ екенін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Баян Мақсатқызы және Бағым Мақсатқыздарына керемет “Рауза” телесериалындағы образ үшін, керемет әндер үшін, өте зор танымалдылық үшін үлкен рахметімді айтамын. Мені қазақ еліне танытқаны үшін, қарапайым шет елден келген қыздың қашанда үлкен сахнада ән айтқысы келген арманын орындағаны үшін үлкен рахмет. Тек қана мен емес көп қыздың арманын орындады. Бұл істе тең шебер жоқ екенін ел мойындаған номер бірінші продюсерлермен жұмыс жасау бұйырғанына Аллаға және себепші кісілердің өзіне үлкен алғысымды айтамын", – деп жазды Жарқынай.

 Актриса жеке өмірінде болып жатқан өзгерістерге ешкімді кінәламайтынын атап өтті. 

"Продюсердің міндеті ұсыну, таңдау әрқашанда әртістің еркінде. Әркімнің өнерге және жанұяға өз көзқарасы әртүрлі. Контрактіге отырған актрисаға да түсінікпен қарадым. Және осы жағдайды жіберейік. Айланам үшін барлығын ұмытып, қуана өмірімді сүремін. Ешкімге ренішім жоқ. Ренжіткен жандардан кешірім сұраймын. Махаббат өтті. 

Кез келген ғашық әйел түсінетін сезім деп ойлаймын. Енді әнші емес, ана, блогер, бизнесмен Жаркынайды жиі көретін боласыздар. Мен өзгерістерге дайынмын, сіз ше?" – деп түйіндеді сөзін ол. 

Stan.kz




Көрілген: 1913    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.10.2021, 10:11

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31