Инста-Алаш

Мақпал Қаратай:"Айналайын, қазақтың келіншектері-ай, "психологияның жөні осы екен" деп"

  • Мақпал Қаратай:

    Мақпал Қаратай:"Айналайын, қазақтың келіншектері-ай, "психологияның жөні осы екен" деп"

 Көптеген әйелдермен жолыға келе ұққаным, психологияны дұрыс ұқпай жүрген сыңайлы. "Өзің өзгер, жауапкершілікті өзің ал" дегенді естіп, "өткен шақтың барлығына мен ғана кінәлі екенмін" деп, өзіне өзі үкім шығарып алыпты.
.
Жандарым, рас өткен шақта сенің жіберген қателіктерің бар, бірақ дәл сондай қателікті күйеуің де жіберген. Сен өзің ғана барлығын жасап, күйеуің сүттен таза, судан ақ болуы мүмкін емес. Өткен шақтағы қиындықтар үшін сен де, күйеуің де, қажет болса ата-енеңнің де кінәсі бар.
.

Айналайын, қазақтың келіншектері-ай, "психологияның жөні осы екен" деп, барлық ауыртпашылықты өздерің арқалай бермеңдер. Отбасы алдымен екеудің әңгімесі. Әркімнің көтерер жүгі бар. "Жауапкершілікті алу" деген "мен ғана кінәлі екенмін" деп, өзгенің барлығын "ақтап" алу емес. "Жауапкершілік алу" деген, таптап жатқан адамның табанының астында езіле беру емес.
.
Жалпы, әр түрлі адам бар. Ситуация әр қилы. "Өзің жақсы бола бер. Айтқанын істей бер. Түбінде жеңесің. Неде болса, бас ұра бер" дегенге көнбейтін қарым-қатынастар бар. Кейде бас көтеріп, орнына қоюға тура келеді.
.
Өткен жолы бір кісі қызық сұрақ қойды. "Мақпал, өзің өзгерсең, күйеуің өзгереді дейді ғой, психологтар, күйеуім қашан өзгереді?" дейді ғой. Жаным-ау,
мен жақсы бола берейін, күйеуім бір күні ойламаған жерден Брэд Питке айналып кетер деп ойлайсыздар ма?
.
Сен қанша жерден езіліп жақсы болсаң да, оны түсінбейтін, бағалмайтын адам да болуы мүмкін. Ситуация әр қилы. Қарым-қатынас екеудің әңгімесі. Сондықтан "өзім жақсы болайын,
бір күні күйеуім керемет адам болып кетер" деп емес, күнделікті күйеуіңмен тілдесіп, сөйлесіп, сырласып,
бірге армандап, кейде ұрысып, кейде қырылысып, кейде жылап, кейде күліп,
яғни тер төге отырып, бұрыңғы өзіңе ұнамайтын қарым-қатынасты жаңартып, жөндейсің.




Көрілген: 988    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.01.2020, 12:23

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31