Инста-Алаш

"Масқара! Қорқынышты!": Қыдырәлі Болманов балалардың құқығын қорғауға арналған заңға қарсылығын білдірді

  • "Масқара! Қорқынышты!": Қыдырәлі Болманов балалардың құқығын қорғауға арналған заңға қарсылығын білдірді

Соңғы уақытта қазастандықтар арасында "Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасына қатысты резонанс туындады. Балалардың құқығын қорғауға арналған құжатқа қарапайым халықтан бастап танымал адамдар қарсылығын білдіріп жатыр. Олардың арасында танымал қазақстандық продюсер, әнші Қыдырәлі Болманов та бар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қыдырәлі Болманов Instagram парақшасында арнайы жазба қалдырып, заң жобасына қарсылығын білдірді.

 "Баланы ата-анасынан қорғау заңы? Осындай заң қабылданады дейді. Алла сақтасын ! Осындай сөз болады ма, заң түгілі ? Парламенттің су жаңа депутаттары алғашқы талқылайтыны екен - бұл.
&ldquoОсы жолы сайдың тасындай іріктеліп кіл жақсылар бас қосты ғой, сайланса игі болар еді&rdquo деп күтіп едік, нәтижені әуелден ішіміз сезсе де. Одан кейін &ldquoсұрыпталып&rdquo сайланғандардың берген антын көрдік.Көзден ұят болды. &ldquoҚазақ алқына адал болуға ант беремін&rdquo деген сөзді қиып түсер қылыштай өткір етіп айта алмаған соң... Мына заңды қай жағына шығармақ?!

Не дейді?!

Сырттай бір адам &ldquoмына балаға қауіп төніп тұрған сияқты&rdquo деп құзіретті органға хабарласа әй-шәй жоқ кеп баланы жұлып алып кетеді екен.

Ұрыссақ - эмоционалды, ұрсақ - физикалық, сұрағанын алып бермесең - экономикалық қысым көрсеткен болып, ата-ана жауапқа тартылып, баланы тағы алып кетеді екен. Ата-анасы психикалық жөндеуден өтпейінше баланы көре алмайды, жағдайын біле алмайды. Жөнделу үшін белгіленген өңшең психотроптық дәріні еш қарсыласпай ішіп салып отыруға мәжбүр.

Міне, әңгіме қайда жатыр?! Ал оған дейін бала арнайы орталықтарда жатады дей ме, уақытша бір отбасыға беріледі дей ме, ол жағын тіпті ақылым алмады. Масқара! Қорқынышты!

Көршің &ldquoмынаның баласы күндегіден көбірек жылады&rdquo деп шағымданса, жетіп келіп баланың денесін бастан-аяқ қарайды екен де, иненің ұшындай көгерген, қызарған белгі тапса бітті баланы арқалап кете барады екен. Бала жүгірмей ме, секірмей ме, құламай ма?! &ldquoӘй ойбай ойнама, жүрме, отыр, көгертерсің&rdquo деп қадам бастырмай байлап отырайық?!

Басқаны қойшы, бала өзі де қоңырау шалып арыз бере алады екен. Алла-ау, телефонды туғаннан біліп шығатын бұларың, қит етсе звондап тұрсын онда?! Неғылмақшы ?!

Ұлың үйленем деп бір ұлды жетектеп келсе де қарсы болмайсың. Әйтпесе барар жерің темір тордың арғы жағы. Астапыралла!

Мына заман қалай-қалай түрленеді?!
Қайда бара жатырмыз? Кімге сенеміз?
Мүдделері не? Ұрпағымыз арқылы болашаққа балта шауып, ұлтты мәңгүрттендіріп, елді ессіздендіру ме?!

Қарсымын!

Қазір өзіме, менің жеке басым мен отбасыма қарсы қисық-қыңыр сөздерді қарша борататын жандайшаптар шабуылға шығатынан жақсы білем. Бірақ та, осы кезде бірігетін уақыт келген жоқ па?", - деп жазды продюссер.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда бір топ әйел "анадан баланы айырмасын" деп ұрандатып, министрліктер үйінің алдына жиналғаны хабарланды. Айтуларынша, жаңа "Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы" заң жобасының кейбір баптары ата-ана мен баланың құқығын шектейді, үй-ішіне іріткі салады.

Stan.kz




Көрілген: 13083    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.01.2021, 14:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28