Инста-Алаш

"Мен құсап мұхиттың жағасында кокосты сіміріп, демалып отырғаныңызды елсететіңіз": Қарақат Әбілдина

  • "Мен құсап мұхиттың жағасында кокосты сіміріп, демалып отырғаныңызды елсететіңіз": Қарақат Әбілдина

Танымал әнші, көп балалы ана Қарақат Әбілдина Мальдив аралында үлкен ұлымен демалған суреттерін жариялады. Сонымен қатар, әнші жас аналарға өздеріне көңіл бөлуге шақырды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Әнші Қарақат Әбілдина демалыс кезінде отбасылық өмірі жайында қызықты кезеңдеріндегі жазбалар жариялады.

Бөпелері бар жас аналарға бала қатайғанша болатын қиыншылықтардың бәрі уақытша екенін айтып, әпкелік кеңесімен бөлісті. 

 
"23 жыл - отбасы болғанымыз. Осыншама жыл отасқанда алғаш жалғыз шығуым дедім ғой. Жалғыз да емес, үлкен ұл бар жанымда. Ми тынығып, бой сергіп, демалып қалды. Әйел адам, әсіресе жастары жақын майда балалары бар аналар шаршайды. Оңай емес. Өзімнен өткізген соң білем. Көмекшім болғанмен ол да жалғыз. Үлкен үй. Көп бала… Қайбіріне жетсін! Талай-талай ұйқысыз таңдар атырып, көз іскен, қабақ түскен түрмен барып, макияжға да ептелмейді, сыр білдірмей сахнада күліп ән салып, қайтып кеп тағы күйбең тірлікке күмп берген күндер көп болды.
Несін айтайын.

Қыздар! Баласы жас, бөпесі бар сіңлілерім, тұрмысқа тұтылып, түтіліп, жұтылып кетпеңіз дегім келеді. Көп тірліктің арасынан өзіңізге 1 сағат, болмады 15 минут тауып бір шыны шәйді тыныштықта ішіңіз. Жүйкеңізді, өзіңізді сақтаңыз. Бәрі уақытша ! Бұл да бір өтпелі кезең. Уақыт жылжиды, бала өседі. Мынау мен құсап теңіз не мұхиттың жағасында кофе ішіп, кокосты сіміріп, демалыыып отырғаныңызды бір елестетіп алыңыз да, алға ! Мықтысыздар!
Дұрыс айтам йә!, деп жазды әнші. 

Қарақат ханымның Қыдырәлі ағамыздан бөлек қыдырғанын да оқырмандар сөз етті.
Caravan.kz 




Көрілген: 1222    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.11.2021, 16:21

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31