Инста-Алаш

Мінсіз мүсінді Мақпал Исабекова ерлер қауымын естен тандырды (фото)

  • Мінсіз мүсінді Мақпал Исабекова ерлер қауымын естен тандырды (фото)

    Мінсіз мүсінді Мақпал Исабекова ерлер қауымын естен тандырды (фото)

Отандық танымал әнші Мақпал Исабекова желіде ашық фотосын жариялап, ел арасында қызу талқыға қалды. Өнер иесінің мінсіз мүсініне ерлер қауымы тәнті болып, оған түрлі пікірлер қалдырған. Кейбірі тіпті, шоу-бизнес сылқымына сезімін ашық білдіруден жасқанбаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова желіде купальникпен түскен суретін жариялап, ғаламтор кеңістігін шулатты. Әншінің Instagram парақшасында пайда болған фото бәрінен де ерлер қауымының көңілінен шыққан. Онда өнер иесі суда жүзетін киіммен бассейн маңында жатқанын көруге болады. Бұл суретте Исабекова бар дене сымбатын көпшілікке паш етіп, ер-азаматтарды естен тандырды. Олар мінсіз мүсінді арудың бейнесіне қатысты пікір қалдырмай, жайбарақат өтіп кете алмаған сыңайлы. "Не деген мүсін, бір мін жоқ" , "Ғашық болдым, неткен сұлу едіңіз" , "Фигураңыз от екен. Арық болудың қажеті жоқ. Осындай мүсін көпке үлгі болу керек" , "Суретіңізден көз ала алмай қалдым" , "Мына фотоңыз енді естен кетпейтін болды. Недеген фигура, көпке арман" , "Осы қалпыңызды сақтаңыз, сізге қатты жарасады" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, шоу-бизнес жұлдызы аталмыш фотосымен бөлісіп, өзінің тамақтану тәртібіндегі өзгерістері туралы айтып берді. Белгілі болғандай, тәттілерді қатты жақсы көретін әнші бүгінде олардың барлық түрінен және майлы тағамдардан бас тартқан. Желі қолданушылары Мақпал Исабекованың бұл бастамасына қолдау білдіріп, оған күш-қуат тіледі. Олардың сөзінше, сүйікті тамағыңнан бас тарту аса қиын. Еске сала кетейік, бұған дейін Мақпал Исабекова желіде көк түсті шашпен түскен фотосын жариялап, қызу талқыланған болатын.

KAZ.NUR.KZ.




Көрілген: 8986    Пікірлер: 0

бейсенбі, 20.08.2020, 17:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30