Мөлдір Әуелбекова: Екінші күйеуім күндіз имам, түнде Иван екенін көрсетті

20 маусым 2022, 23:11

Әнші Мөлдір Әуелбекова желідегі парақшасына жеке өміріне қатысты жазба жариялады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Caravan.kz-ке сілтеме жасап.

Әнші оқырман қойған "Имам кісі сізге үйленуге ұсыныс жасаса қалай қабылдайсыз?", -деген сұрағына:

 

"Менің бірінші жолдасым намазхан емес еді, ол адамда бәрі керісінше болды. Ал, екінші жолдасым намазхан, тіпті умраға 7-8 рет баруынан бөлек үлкен қажылығын өтеген қажы еді. Бірақ күндіз имам, түнде Иван екенін көрсетті. Сол себепті имам болу немесе намазхан болу мен үшін енді көрсеткіш емес”, -деп жазды.

 

Еске салсақ, әнші Мөлдір Әуелбекова бірнеше мәрте тұрмыс құрып, ажырасқан.

 

Еске салсақ, жақында екінші некесімен дәм-тұзы жараспай әнші жеке кеткен болатын. Қазіргі таңда әнші бірнеше кәсібін дөңгелетуге кірісіп кетті.