Инста-Алаш

Нәзира Байырбек:“Америка аштан өлтірмейді” дейтінім осы.

  • Нәзира Байырбек:“Америка аштан өлтірмейді” дейтінім осы.

    Нәзира Байырбек:“Америка аштан өлтірмейді” дейтінім осы.

Кенет, бай болғым келіп кетті.

Қазақта әліге дейін кейде байларды жек көру көзқарасы болса да. Бай адамдарды, бизнесмендерді, тіпті тұрмысы жақсырақ адамның көбін кейбіреулер “айлакер, бір таза жолмен жүрмейтін” адам деп қабылдайтын болса да. Байларға жағдайын айтып, жүрегін ауыртып, көмек сұрап кететіндер көп болса да. “Кейбіреулер адамды адамдығына, тұлғалығына емес, ақшасына қарап сыйлайтын” (Нұртай Сәбильяновтың сөзі) болса да... мейлі. Бай болғым келеді менің.

Неге дейсіз ғой?

Қазір Америкада көп отбасылар, көп азаматтар фуд-банктерден азық-түлік алып, жан бағып жүр. Мүмкін өзінің жиған-тиғанын үнемдеу үшін баратындар да бар шығар. Өйткені, бұл елде қазір жұмыссыз қалғандар саны 17 миллионнан асыпты. Рас, олардың бәріне мемлекет көмек береді. Аптасына 600$, оған қоса әр үлкен адам үшін 1200$, балалар үшін 500$ беретін болып шешкен.
Сонда да фуд-банктерге барып жатқан адам көп.

Ал фуд-банк деген не?

1960-шы жылы John van Hengel зейнеткер кісі көшеде келе жатады. Сөйтіп, қоқыстан қалдықтарды теріп жатқан бір әйелді көреді. Мән-жайын сұраса, балаларына тамақ таба алмай, күнде осылай қоқыс тереді екен.Hengel ойланып қалады.  “Біз байқамаймыз, айналамызда кедейлер ішерге тамақ таба алмай жүр екен-ау” дейді. Сөйтіп кедей-кепшікке тегін тамақ беріп тұратын фуд-банк ашады. Бұл банктің аты елге тез таралып, оған өзге кәсіпкерлер де қаржы сала бастайды.

Сөйтіп, 1977 жылы Американың 18 қаласында фуд-банк болады. Ал 1977 жылы Hengel “America’s Second Harvest” деп аталатын халықтық банк құрады.
Ең жақсысы, ол банк қазірге дейін жұмыс істеп келеді. 2008 жылы атауын “Feeding America” деп ауыстырған. Қазір оның құрамында 200 фуд-банк бар. Олар 40 миллион адамды асырап отыр.

“Америка аштан өлтірмейді” дейтінім осы.
Менің бай болғым келетіні де осыдан.

Сіздер де бай болуға тырысыңыздаршы. Бәріміз бірігіп фуд-банк ашып қояйық! 




Көрілген: 2233    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 15.04.2020, 10:40

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30