Инста-Алаш

Нәзира Байырбек:"Америкаға кеп жатсаңыз қаңғыбастардан қорқып қалмаңыз"

  • Нәзира Байырбек:

    Нәзира Байырбек:"Америкаға кеп жатсаңыз қаңғыбастардан қорқып қалмаңыз"

Америкада “кәкір-шүкір” заттарын бір арбаға тиеп алып, көшені паналап жүрген адамдарды аз көрмейсіз. Деректер бойынша АҚШ-тағы мұндай үйсіз “қаңғыбастардың” (homeless people) саны 500 мыңнан асады. Олардың 47%-ы қысы-жазы жылы болып тұратын Калифорния штатында, Лос-Анжелес, Сан-Франциско секілді ірі қалаларда.

Нью-йорк көшелерінде қаңғыбастарды көп көрмейсіз. Өйткені, бұл қала Шымкент сияқты жылы болса да, Америкадағы суық қалалардың бірі саналады. Қыста қаңғыбастар көшеде қона алмайды.

Жалпы, Нью-йорк, Вашингтон, Бостон қалаларында көшені паналаған homeless-тердің аз болуының екінші себебі - бұл қалаларда shelter-лер, яғни уақытша жатақтар көп салынған.⠀
Енді, “экономикасы қуатты, әлеуметтік саласы жақсы дамыған, айтулы Америкада қаңғыбастар неге көп?” деген сұраққа тоқталайық.
1) бірінші себеп - қолжетімді баспананың аздығы, жалға берілетін үй бағасының қымбат болуы
2) жұмыссыздық
3) кедейлік
4) психологиялық аурулар көп тарауы
5) ескірткіге әуестік... дейді ресми мәліметтер.

Сонда осы бай елде неге кедейлер көп?
Әр елден жұмысшы мигранттар ағылып келіп жатқанда жергілікті адамдарға жұмыс табылмауы неден? Қаңғыбастарды көргенде еріксіз осылай ойланасыз. Бірақ қазір Трамп билігі мигранттарды шектеп, өз жұмысшыларының мүддесін қорғауды да, тұрмысы төмен азаматтарды қолдауды да, үй бағасының қымбаттауын тоқтатуды да қолға алып отыр.
——
Алғаш рет Америкада homeless-тер көп екенін білгенде “миллиондаған туристер келіп жататын Американың қалалары қаңғыбастарға толып, олар айналасын ластап жатқанына ел намыстанбай ма?” деп ойлағаным рас.
Бірақ бұл Америка ғой. Қаласаң - арманыңа жететін мүмкіндіктері мол. Босаңсысаң, әлсіз болсаң - адасу да оңай.

Ең бастысы, мұнда адамдар шындығымен өмір сүреді. Көрер көзге өтірік көшені жылтыратып, әкімдер қаңғыбастарды қала орталығынан қуып, әлекке түспейді.
Керісінше, мұнда үйсіз қаңғыбастардың да құқы қорғалған. Оларға көшені еркін паналауға заңмен рұқсат етілген.
Ал қайырымдылық мекемелері оларға тегін тамақ беріп, емдеп, тіпті құқық жағынан қолдау көрсетіп... - әрі бақылап отырады.
Сондықтан Америкаға кеп жатсаңыз қаңғыбастардан қорқып қалмаңыз. 




Көрілген: 922    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.02.2020, 09:22

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31