Инста-Алаш

Нәзира Байырбек:"Тілдің суициді деген - халық өз тілінде сөйлемей, өз тілін өзі өлтіріп жатқанын білдіретін ұғым"

  • Нәзира Байырбек:

    Нәзира Байырбек:"Тілдің суициді деген - халық өз тілінде сөйлемей, өз тілін өзі өлтіріп жатқанын білдіретін ұғым"

Нью-йорк халқы 800 тілде сөйлейді. Бұл қала әлемдегі ең “көптілді” және multicultural (алуан түрлі мәдениет өмір сүретін) қала болып саналады.
Бір қызығы, әлемдегі кейбір жоғалып бара жатқан тілдeрдің соңғы қолданушылары осы қалада тұрады екен.
Мысалы, seke тілінде сөйлейтін мыңдаған адам қазір Бруклиннің бір көшесінде тұрады. “New York Times” газеті осы “суицидке ұшырап жатқан” тілдер жайлы жиі жазады екен.Тілдің суициді деген - халық өз тілінде сөйлемей, өз тілін өзі өлтіріп жатқанын білдіретін ұғым.

Бірде тіл туралы сөз болғанда жанымдағы Рагда:

- Біздің елде қазір көбі ағылшынша сөйлейді. Мен тұратын Мәдина қаласында дүкен, мейрамханалардың көбінің аты ағылшын тілінде. Иә, ағылшын тілін үйренуіміз керек қой, бірақ әркім өз елінде өз тілінде сөйлеуі керек деп ойлаймын. Мен, мысалы, Нью-йоркте ағылшынша сөйлесем де, өзімнің елімде арапша сөйлеуім керек. Бірақ ағылшын тілі арап тілінің Отанына да жайылып жатыр. Ал менің тілімнің қолданыс аясы тарылып барады. Сол жаныма батады,- деді.

Мен тіпті үндей алмай қалдым. 




Көрілген: 497    Пікірлер: 0

жұма, 31.01.2020, 06:45

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30