Нәзия Жоямергенқызы:"Балалық шағым мен жастық шағым жемқорларға қор болды"

21 қазан 2020, 02:08

Маған басу не ақыл айтудың қажеті жоқ.

Екі ұл, екі қызымды шет ел асырамын білім алуға. Сосын сол жақтың азаматтығын қабылдаңдар деймін.

Қазақстанға мүлде қайтып келмесе де көңілім баяғыдай. Мына әтәңәлет вирус басылсын. Қожайынды көндіріп, шет елге кетем өзім де.

Балалық шағым мен жастық шағым жемқорларға қор болды. Қарттық шағым лайықты өтсін тым болмаса.

Патриоттық, Туған жер, қырт-сырттардың жетпіс жеті атасынннн таппп... Кетемін.

Отыз жыл елді ірітіп-шіріткендер дәл өздері сияқты малдарды тәрбиелеп жатыр орнын бассын деп.

Қартайғанда солармен алысар жайым жоқ. Шаршадым. Жемқорлықтан, жағымпаздықтан, әділетсіздіктен...

Балаларым да мен сияқты қиналмаса екен деймін.