Инста-Алаш

Назым КОСМОСБЕК:"АЛҒЫС КҮНІН ҚАЛАЙ ТОЙЛАП ЖҮРСІЗ?!"

  • Назым КОСМОСБЕК:

    Назым КОСМОСБЕК:"АЛҒЫС КҮНІН ҚАЛАЙ ТОЙЛАП ЖҮРСІЗ?!"

Америкада алғыс күні жанұяңа рахметіңді айтып, отбасымен өткізетін жып-жылы мереке.
Ол мерекені “Thanksgiving “ деп атап, сол уақытта дүкендердің бәрінде 80-90% жеңілдік болып, кәдімгідей тойланып, мерекенің атмосферасы керемет сезіледі.
Көшеде жақындарына асыққан, отбасына сыйлық алып аптыққан жандарды көп байқайсың.

Келген имигранттар Америкалықтарға, ақтар АҚШ-тың баяғы тұрғындары, жер иесі - үнділерге алғыс айтсын деген мереке жоқ. 

Бұл мерекені өзге ұлттың қазақ ұлтына алғыс айту күні деп түпкі мақсатын дұрыс алмаған сияқты.

Себебі, мерекені шынайы алғыс күнінен гөрі, бір жағымпаздық пен көзбояушылыққа негізделген секілді әсер береді. Телеарнадан өзге ұлттардың алғысын алып, мәз боламыз болды. Бұл күні жылт ететін Қазақстан халқы ассамблеясының бар екенін осы мерекеде ғана көреміз.

Одан гөрі отбасылық әдемі мереке, туысқандық қарым-қатынасты нығайту үшін идеологиялық құрал ретінде мейрам қылсақ пайдасы көбірек болушы еді... Тек әлеуметтік желіде ғана отбасына , жақындарына алғыс айтып қоймай, шаңырақтың ішінде тойланып, ата-анасының қасында өткізіп жатса, жақындар бір-біріне сыйлық беріп жатқан көрініс керемет емес пе?! Қалай ойласыз?! Өзім де осы күнді пайдалана отырып, шын көңілмен өзім өскен және құрған отбасыма рахметімді айтамын!

Маған үнемі қолдау көрсететін достарыма, парақшамды оқып, қалдырмай басып, жақсы сөздерін аямайтын оқырмандарыма да мың алғыс!




Көрілген: 805    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.03.2020, 08:04

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31