Инста-Алаш

Назым Космосбек:"АМЕРИКАДА ТАУАРДЫ 1 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ"

  • Назым Космосбек:

    Назым Космосбек:"АМЕРИКАДА ТАУАРДЫ 1 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ"

АМЕРИКАДА ТАУАРДЫ 1 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ҚАЙТАРУҒА БОЛАДЫ

Шымкентте жүргенде жеңгеммен үйге шаңсорғыш алдық.Дүкенде сату менеджерлері әбден мақтаған шаңсорғыш,үйге әкеліп тазалап көрген соң ойымыздан шықпады.Одан бір рет 6-7 метр жерге пайдаланған шаңсорғышты қайта өткізейік те, басқасын алайық деп шештік.

Ертесіне тұрмыстық техниканы сататын алып дүкенге қайта барып,өткізіп басқа моделін алайық деп айтып көріп едік,үзілді-кесілді қарсылыққа ұшырадық.
Сатып алар кезде шулап жүрген сату менеджерлері, өткізетін кезде бізге қатысы жоқ деп теріс қарап тұрған сервисіне шок болдым. Ең болмаса қайда бару керегін, кімнен сұрау керегін көрсетіп жіберсе де болады ғой.. Әйтеуір сұрап жүріп, бас менеджерлеріне жағдайды айттық,1 тәуілік өтпей жатып барсақ та, сіздер пайдаланып қойғансыздар қабылдай алмаймыз деп бас менеджер қасқайып тұрып алды. 1) Тұтынушылардың заңы бойынша 14 күнге дейін тауарды қайтара аламыз

2) Бізге ақшамызды қайтарып бер деп тұрғанымыз жоқ, басқа моделіне ауыстырып бер, егер қымбат шықса арасындағы айырмашылықты төлейміз деп түсіндіріп жатсақ та тұтынушыға салғырттығы көңілімізді қалдырды.

Сөйтіп жан-жағыма қарасам, таңертең алған затын түсте өткізе алмай, 2сағат бұрын алған техникасының ақшасын қайтара алмай жүрген халық көп.

Тұтынушылардың құқығын қорғайтын заң қайда?
Алған тауарың жарамсыз не сапасыз болса не істейді?! Содан бізді техникалық экспертизаға жіберіп “техниканың ақауы жоқ” деген анықтама алдырып, компанияның бас заңгеріне өтініш жазыңдар деді. Оның нәтижесін 3-4 жұмыс күні ішінде өзіміз звондап айтамыз деді де,сол күйі жоқ болды. Американың кез-келген дүкенінен алған затты ең кемі 1 айдан кейін де өткізе аласың, тіпті IKEA-да 1 жылға дейін.

Walmart сияқты алып маркеттерде өткізу уақыты 3 ай. Пайдаландың ба, пайдаланбадың ба тауар сынбаса қабылдай береді. Жазда каникулда телевизор мен плейстейшен алып ойнап, күзде қайтарып жүрген қазақ студенттерін де көргенбіз.
Өзіміз де көңілімізден шығатын шаңсорғыш тапқанша 2-3 мәрте сатып алып, қайта өткізгенбіз. Соның өзінде біреуін 4-5 күн , екіншісін 10 күн пайдаланған соң еш мәселесіз ақшамды қайтарған.
Киім алсаң да осындай сервис барлық жерде.
Сізге де таныс жағдай ма?!




Көрілген: 409    Пікірлер: 0

сенбі, 29.02.2020, 11:49

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31