Нұрлан Еспановқа пародия жасаған Асқар Көмекбаев елді күлкіге қарық қылды

05 наурыз 2022, 21:58

Отандық танымал пародист Асқар Көмекбаев әнші Нұрлан Еспановты айнытпай салып, қалың көпшілікті күлдірді. Желідегілер оның актерлік шеберлігіне сүйсінді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Нұрлан Көмекбаев отандық бағдарламалардың біріне қонақ ретінде келіп, көрермендерге өз өнерін паш етті.

 

Ол белгілі қазақстандық әнші Нұрлан Еспановқа пародия жасап, көпшілікті күлдірген.

 

Бағдарламаның үзіндісін Нұрлан Еспановтың өзі Instagram парақшасында бөлісті.

 

Желі қолданушылары Көмекбаевтың пародия жасау шеберлігіне тәнті болғанын жасырмады.

 

Оқырмандардың айтуынша, олар Еспановтың өзі сөйлеп тұрған деп ойлапты.

 

"Мына кісіні көрмей тыңдасаң, ажырата алмайсың ғой. Тура Нұрлан ағаның дауысы", "Өнеріңіз өрге жүзсін", "Жарайсыз, бұл деген нағыз шеберлік қой", "Айнытпай салыпсыз", "Дәл Еспановтың дауысы ғой", - деп жазуда олар.

 

<iframe class="instagram-media instagram-media-rendered" id="instagram-embed-0" src="https://www.instagram.com/p/CahbDnXgtJf/embed/?cr=1&amp;v=13&amp;wp=594&amp;rd=https%3A%2F%2Fkaz.nur.kz&amp;rp=%2Fshowbiz%2F1959445-nurlan-espanovqa-parodiya-zasagan-asqar-komekbaev-eldi-kulkige-qaryq-qyldy-video%2F#%7B%22ci%22%3A0%2C%22os%22%3A3810.2999999998137%2C%22ls%22%3A3733.5%2C%22le%22%3A3803.899999999907%7D" allowtransparency="true" allowfullscreen="true" frameborder="0" height="880" data-instgrm-payload-id="instagram-media-payload-0" scrolling="no" style="background: white; max-width: 540px; width: calc(100% - 2px); border-radius: 3px; border: 1px solid rgb(219, 219, 219); box-shadow: none; display: block; margin: 0px 0px 12px; min-width: 326px; padding: 0px;"></iframe>