"Өмірде жетістікке жетпеген, ашулы адамдар Facebook-те отыр", - Нұртас Адамбай

15 желтоқсан 2021, 14:14

Ұзақ шығармашылық үзілістен кейін танымал әртіс, режиссер Нұртас Адамбай ALIBEKOVKZ Youtube-каналына сұхбат беріп, Facebook әлеуметтік желісінде бұрынғыдай неге белсенді емес екенін айтты

Бұл туралы Express Qazaqstan хабарлайды.

Мысалы Ислам немесе Алла туралы постты фейсбукке де, инстаграмға да жариялаймын. Бірақ екі әлеуметтік желіде отыратын адамдардың арасы жер мен көктей. Фейсбуктағылар—үлкен бір шұңқырда жатқан біреулер. Онда еті бар сүйек тастасаң, түгін қалдырмайды,

— дейді әртіс.

instagram.com/nurtasadambay

 Оның айтуынша, бұл әлеуметтік желіде өмірге назы мен өкініші бар көп адам отырады.

Адамның өмірде жеткен жетістігі болмаса, ол өзінің ашуын басқадан алуға тырысады. Ондай адамдар үшін тек дұға жасаймын. Сол кезде өзімнің де ашуым кетеді, оған да ешқандай жамандық тілеуге ниетім болмайды,

— депті Нұртас.

Бұған дейін ЭК тілшісі "Сәбина келін" фильмінің режиссері әрі басты рөлде ойнаған Нұртас Адамбайдың келіншегімен бірге кіші қажылыққа барып келгені туралы жазған еді.
Express Qazaqstan