Инста-Алаш

Онлайн оқытқанның өзін міндетсінген ата-аналарды көріп, біздің ел ата-аналарды тым еркелетіп жіберген бе деп ойлаймын

  • Онлайн оқытқанның өзін міндетсінген ата-аналарды көріп, біздің ел ата-аналарды тым еркелетіп жіберген бе деп ойлаймын

    Онлайн оқытқанның өзін міндетсінген ата-аналарды көріп, біздің ел ата-аналарды тым еркелетіп жіберген бе деп ойлаймын

АМЕРИКАДА 9-12 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ УАҚЫТЫН ҚАЛАЙ ӨТКІЗЕДІ?!

Есікпен есік көршім үндінің екі баласы бар.
Кішісі менің ұлыммен қатар болса, үлкені биыл 11 класс.


Анасының айтуы бойынша тұңғышы мүлде ұйықтамайды екен.
Таңғы 6-да үйден шыққаннан кешке 7-8 де келеді, одан қалса сабағын түнгі 1 -2 дейін орындайды дейді.

Неге, сабағы сонша қиын ба?!-деп сұрадым.

Ол кісінің сипаттауы бойынша:
-Ұлым, таңертең ерте тұрып, Манхэттенде орналасқан дарындыларға арналған мектебіне кетеді дейді.Ол мектепке түсу оңай емес, ортақ үлгерімің жоғары болу керек.

Мектептен соң әр күнгі кесте бойынша биге, гитара үйірмесіне,таэквондо,фенсингке кәсіби барады дейді.(ақылы)

Одан бөлек өзінің тобымен IT стартап жобалар жасап (бұлар компьютер құшақтап туады ма?!), түрлі ғылыми жарыстарға қатысады екен.
Испан тілін қосымша меңгеріп, дебат сияқты клубтарда белсенді екен.

Үйге келген соң үй тапсырмаларымен қатар, SAT (біздің ҰБТ) сияқты тестке дайындалып түнгі 1 ден өте ұйықтайды дейді.

Әкесі екеуміз ұрысамыз, қазір маңызды емес курстарыңды таста денсаулығыңды бүлдіресің деп, алайда баламыз алған бетінен қайтпайды дейді.

IT маманы болмақ баланың асқан талабын түсініп тұрмын, себебі мұнда үздік университетке түсу оңай емес, талап үлкен, нағыз бәсекелестік. ⠀
Бай-бағландардың баласын жыл сайын 50-60мың $ төлеп жеке мектептерде оқытып, IVY университеттерге үлкен көлемде қайырымдылық жасап түсіріп жатқанда, қарапайым отбасыдан шыққандарға жақсы университетке түсу үшін басқалардан 3 есе артық еңбек етуі керек.

Жалғыз тестіңнің нәтижесіне қарап, оқуға грант ұсынатын Қазақстан емес бұл.
Баланың жақсы оқуынан бөлек, жан-жақты болуы, қайырымдылықпен айналысуы, қоғамда белсенді болуын талап етеді.

Қазіргі жағдайда 2-3 баласының онлайн оқытқанның өзін міндетсінген ата-аналарды көріп, біздің ел ата-аналарды тым еркелетіп жіберген бе деп ойлаймын.

Жаппай ортақ білім, грант беріп, оқытуға тырысып жатқан мемлекеттің бергенінің қадірі жоқ сияқты.

Америкадағыдай не бай, не басы істейтін адам оқитын болса сапасыз түлектер азаяр ма еді?!

Өз мамандығын грант үшін емес, сүйіп оқитын мықты мамандар көбейер ме еді?!

Қалай ойлайсыздар?! 

Назым Космосбек

Инстаграм парақшасынан




Көрілген: 2144    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.04.2020, 11:14

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30