"Орамалыңды шеш немесе жұмыстан кет": Әуелбекова "Қазақконцерт" басшылығынан қысым көргенін айтты

15 сәуір 2022, 11:47

"Қазақконцерт" мемлекеттік ұйымында жұмыс істеген Мөлдір Әуелбекова басшылықтың тарапынан орамалына қатысты қысым жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Айтуынша, концерттік ұйымның басшысы хиджабты шешуді талап еткен. Кері жағдайда қызметтен кетуді сұраған. Алайда әнші мұның біреуіне де көнбепті. 

"Басшылық: "Орамалыңды шеш немесе жұмыстан кет", - деді. Бірақ мен кетпедім де, шешпедім де. Қазір ресми декреттік демалыстамын. Бұйырса, шығамын әлі", - деді ол.


"Қайраттың отбасын бұзба": Ерке Есмахан өзін айыптаған елге жауап берді
Тәуекел Мүсілім мен жұбайының романтикалық видеосы жұртты тәнті етті

Әуелбекова орамалды өмірінің соңына дейін тағатынын жеткізді. 

"Бұл өмірде мәңгі ешкім өмір сүрмеген, сүрмейді де. Орамалым бұйырса ақыреттік", - деді ол.