Инста-Алаш

Өркен Кенжебек: "«Қазақ ажалына алты сағат қалғанда ғана дәрігерге барады» деген топас әнекдотты жою керек"

  • Өркен Кенжебек:

    Өркен Кенжебек: "«Қазақ ажалына алты сағат қалғанда ғана дәрігерге барады» деген топас әнекдотты жою керек"

Бұл сөздің мағынасы майысып жетті. Түбіт мұртымыз шығып келе жатқанда түбіне дейін оқыған «Жас Алашта» «Дженнифер Лопес жамбасын сақтандырыпты. Миллион долларға» деген хабарға түсінбейтінмін. Оның құйрық майы кімге керек? Қойдікі болса, мейлі. Одан соң қазақ журналистері «Пәлен деген футболшы аяғын, түген деген әнші даусын сақтандырыпты. О-лә» деген одағай жаңалықтан ары қазбайтын. Бұдан кейін сақтандыру деген еріккеннің ермегі, еркелердің желігі деген ой қалыптаспай ма? Сөйтсем, жұлдыздардікі жарайды, медициналық сақтандырудың мәні кәдімгідей тереңде екен ғой.. Білмеппін.


⁉️ Жиі саяхаттаймын. Соңғы барған елім – Мальдив аралдарында ауыра қалсаңыз, ал сізде халықаралық сақтандыру полисіңіз болмаса, қалтаңызды қағып алады. Өз азаматтарына да сондай. Мемлекеттік емханаға барасың ба, жекеменшікке тексерілесің бе, бәрібір – сақтандырылғансың ба деп сұрайды. Ал бүгін түнде Алла қаласа Польшада боламын. Мұнда әр жұмысшы айлығының 9%-ін міндетті түрде Narodowy Fundusz Zdrowia деген қорға аударып отырады. Басқа вариант жоқ. Қазір қай елді мысалға келтірсеңіз де, медицинасы салық төлеушілердің жарнасы есебінен аяқтанып тұр. Біз де Айда амалдап отырған ел емеспіз ғой. Әлемдік жүйеге бейімделгеннен басқа амал жоқ.

‼️ Ескертіп жатқаным ғой, үш аптадан соң елімізде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі іске қосылады. Көпшілігімізге Жаңа жылдан бастап жарна төлеу керек болады, оның ішінде көпшілігі үшін мемлекет онсыз да төлейді. МӘМС-іңіз болса, енді Қазақстанда қай емхана, қай доғдыр ұнайды, есігін теуіп кіріп, жарайды, теппей-ақ, емін алуға мүмкіндік береді. Таңдау пайда болады. Сосын сақтандыруға теңгеңді қиған соң, денсаулығыңды тексеріп тұруға, аурудың алдын алуға, жалпы өзіңді күтуге деген жауапкершілік күшейеді-ау. «Қазақ ажалына алты сағат қалғанда ғана дәрігерге барады» деген топас әнекдотты жою керек, құрысын. Біздің деніміз сау болып, он екі мүшесі орнындағы ұрпақ әкеліп, бұл өмірдің де қызығын көріп, о дүниеге де дайындалып үлгеруіміз керек. Құдай да «Сақтансаң, сақтаймын» деген ғой) Бұған осы сақтандыру медицинасы сеп болатын шығар, бәлкім, иә? 




Көрілген: 1578    Пікірлер: 0

жұма, 13.12.2019, 01:48

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30