Инста-Алаш

ОСК блогерлерге талап қойды

  • ОСК блогерлерге талап қойды

    ОСК блогерлерге талап қойды

Блогерлер барлық кандидаттарды бірдей насихаттауы тиіс. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы президенттікке үміткерлер жайлы ғаламторда жазба жариялаудың тәртібін түсіндірді. Ондағылардың айтуынша, әлеуметтік желі бұқаралық ақпарат құралы болып саналатындықтан, кез-келген пайдаланушы оған жазғанда барлық кандидатқа теңдей көңіл бөлуі керек.


Зәуреш Баймолдина, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:


- Кез-келген БАҚ кандидаттарға бірдей мүмкіндік беруге міндетті. Әлеуметтік желілер де бұқаралық ақпарат құралы болғандықтан, ондағы блогерлер барлық үміткерлер жайлы жазуы керек. Яғни бір үміткерді қолдап, екіншісін назардан тыс қалдыруға болмайды.


Дегенмен, елімізде блогер дегеннің нақты кім екені заң жүзінде реттелмеген. Сондықтан Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіндегілер әзірге әлеуметтік желіні пайдаланушылардың барлығы блогер деп есептелетінін айтып отыр. Ал олардың кандидаттар жайлы жазған жазбасы қалай қадағаланатыны белгісіз. Сондай-ақ, бүгін Орталық сайлау комиссиясы саяси доданың әділ өтуін қадағалайтын тағы 22 шетелдік бақылаушыны тіркеді. Олар Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы секілді халықаралық ұйымдардың мүшелері. Сөйтіп, тіркелген бақылаушылардың жалпы саны 67-ге жетті. Ал президенттікке кандидат 7 азамат өңір-өңірді аралап, сайлауалды бағдарламаларын насихаттап жүр.

 




Көрілген: 2017    Пікірлер: 0

сейсенбі, 14.05.2019, 12:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31