"Өзі қалағанша өмір сүреді": Айсәуле Бақытбек қызының некеге дейін жігітпен бірге тұруына қарсы емес екенін айтты

16 мамыр 2022, 16:18

Айсәуле Бақытбек қызының тұрмысқа шыққанға дейін жігітпен бірге тұруына қарсы емес екенін айтты. Блогер қандай жағдайда да қызына сенім артады. 

Кішкентай қызы бар болғаны бірнеше айлық болса да, әлеуметтік желі қолданушыларын блогердің алыс болашақта оның өмірлік шешімдерін қалай қабылдайтыны толғандырып жүр.

Instagram желісіндегі жазылушылардың бірі қызының ресми некеге дейін ер адаммен бірге тұруына қалай қарайтынын сұрады.

Жауап ретінде Айсәуле бір кездері өзінің тәжірибесін айтты. Блогер өзінің бір кездері өз басынан өткен оқиғасын айтты.

"Мен қызымның менің комплекстеріммен емес, өз өмірімен өмір сүргенін қалаймын. Мен Сафияға сенгім келеді. Оның таңдауын құрметтеймін. Бір кездері ата-анам маған сеніп, Америкадағы жігітіммен бірге тұру туралы шешімімді қолдаған. Содан кейін анам: "Жүрегің қалағанын жаса. Кейін рұқсат бермегенім үшін мені кінәлағаныңды қаламаймын. Бірақ сен өз шешімдеріңе өзің жауаптысың. Есіңде болсын” деді. Әлі күнге дейін бәрінің жақсы аяқталғанына рахмет айтамын. Мен де анам секілді кеңес берер едім”,- деді Айсәуле.