Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Павлодарлық Сәния Темірханова 2019 жылғы "Қазақ аруы" атанды (фото)

20 наурыз 2019, 10:36

Павлодарлық Сәния Темірханова "Қазақ аруы" сұлулық байқауында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бірінші орынды қарағандылық Айханым Орынбекова, екінші орынды астаналық Анна Вайдурова иеленді, ал үшінші орынды қазылар алқасы Павлодар өкілі Сая Тұрсынбековаға берді.

"Қазақ аруы-2019" атанған Сәния Темірханова кітап оқығанды жақсы көреді. Бойжеткен Мұқағали Мақатаевтың жүз өлеңін жатқа білетінін айтты. Жүргізуші шығармалардың алғашқы бір-екі жолын оқып тексеріп көріп еді, Сәния сынақтан сүрінбей өтті.

"Өте қуаныштымын, біз бір айға жуық дайындалдық. Әрбір қыз "Қазақ аруы" атануға лайық. Бұл мәртебені жыл бойы лайықты алып жүремін деген ойдамын", - деді Темірханова.