Танымал қазақстандық волейболшы Сәбина Алтынбекова Instagram парақшасындағы оқырмандарының сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Спортшы әлеуметтік желісінде көп әйел алуға байланысты және ұлының кімге ұқсайтыны туралы айтып берді.
- Көп әйел алуға байланысты сіздің ойыңыз қандай?
- Үш әйелдің өзі аз болатын еркектер бар. Сонымен қатар, төрт әйелдің орнын басатын аналар бар.
- Ұлыңыз кімге ұқсаған?
- 50 пайыз әкесіне, 50 пайыз маған.
- Карьера немесе отбасы. Әйел үшін қайсысы маңызды?
- Өзіңізді шектемеңіз. Барлығын қатар алып жүруге болады.