Сәбит Әбдіхалықов үлкен ұлы мен үшінші әйелінің бірге түскен суретін жариялады

25 сәуір 2022, 11:06

Сәбит Әбдіхалықов үлкен ұлы Асылжан мен қазіргі жары Динара Абдуллинаның бірге түскен суретін жариялады. Бұл фото оқырмандар арасында қызу талқыға түсті. 

Продюсер қос ұлы мен әйелінің бірге түскен суретін жариялады. Бұл әрекеті көпшілік арасында қызу талқыда. 

Бірі олардың татулығына қайран қалды, бірі әдейі хайп үшін жарнама жасады деп сөз етті. 

Әбдіхалықовтың Айгүл Иманбаевадан туған ұлы бала күнінен әкесімен жақын араласады. Тіпті бұл туралы желіде ашық жазады. Анасың өзі Айгүл Иманбаева да бұрынғы күйеуін үшінші некесімен құттықтап, алған жарын асыра мақтағаны есте. 

Продюсер ұлды болғанда да бірінші болып құттықтауын білдірген еді. 

Ал Асылжан Сәбитұлы әр қуанышта әкесінің жанынан табылуға тырысады. Дәл осындай көріністердің бірін әкесі желіде жария етті.