Инста-Алаш

Салтан Сайранұлы:"НЕГЕ ҚАЗАҚСТАН ӨЗІНІҢ БАУЫРЫН ӨЗЕККЕ ТЕУІП, АРМЕНИЯНЫ БАУЫРЫНА БАСУДА?»

  • Салтан Сайранұлы:

    Салтан Сайранұлы:"НЕГЕ ҚАЗАҚСТАН ӨЗІНІҢ БАУЫРЫН ӨЗЕККЕ ТЕУІП, АРМЕНИЯНЫ БАУЫРЫНА БАСУДА?»

Түркияда жүргеніме екі аптадай уақыт болды. Біраз қалаларды араладым, біраз жұртпен әңгімелестім. Қай қалаға барсам да Түркия мен Әзірбайжанның қатар ілулі тұрған туын көрдім. Өздерін «İki devlet, bir millet» (екі мемлекет, бір ұлт) деп санайтын түріктер бауырларына қай жағынан болсын қолдау көрсетіп, жанынан табылуда.

Енді бір қызығы, кіммен сөйлесе қалсам да, естігенім мынау болды: «НЕГЕ ҚАЗАҚСТАН ӨЗІНІҢ БАУЫРЫН ӨЗЕККЕ ТЕУІП, АРМЕНИЯНЫ БАУЫРЫНА БАСУДА?».

Шынымды айтсам, сұраққа жауап бере алмай жерге қараймын. Себебі, біздегі көптеген бұқаралық ақпарат құралдарының позициясы, расымен де, жерге қаратарлықтай. Бұл біздің әлі күнге дейін ақпараттық тәуелділіктен арыла алмай келе жатқандығымызды, әлі күнге өзгенің ықпалында екенімізді көрсетуде.

Арменияны тәуелсіздігімен құттықтап, туын ғимараттың үстінен көрсеткеніміз тіптен ұят болды. Қайбір жылы Қазақстанның туын балконына ілген біреу жауапқа тартылып кетті емес пе? Арменияның туын астанамыздан жарқыратып қоятындай не көрінді сонша?

Түркі халықтарының басын қоспау үшін жасалып жатқан ойындарды әлі күнге дейін көрместен келеміз.

Баяғыда байымен және бауырымен тұтқынға түскен бір әйелге: «Байың мен бауырыңның біреуін өлтіріп қана сендерді тұтқыннан босатамыз, сондықтан да таңдауды өзің жаса!» &ndash десе, әлгі әйел: «Бай табылар, бауыр табылмас», &ndash деп бауырын аман алып қалыпты.

Ендеше, бауырымызды жау қолында қалдырмайық.

«Altı devlet, bir millet» (Алты мемлекет, бір ұлт) екенімізді естен шығармайық!

БҮГІН НҰРСҰЛТАНДАҒЫ ТҮРКИЯ ЕЛШІЛІГІ ДЕ ОСЫ МӘСЕЛЕГЕ НАЗАР АУДАРЫП, ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МӘЛІМДЕМЕ ЖАСАПТЫ, ОҚЫҢЫЗДАР:

Қарабақтағы соңғы оқиғаларға байланысты кейінгі кезде қазақстандық БАҚ-та жарияланып жатқан кей негізсіз мәлімдемелерге байланысты төмендегілерді қоғамның есіне салу жөн көріліп отыр:

* Аймақта орын алып жатқан қақтығыстар толығымен Әзірбайжанның ішінде орын алуда.

* Әзірбайжан тарапынан Армения территориясына соққы жасалып жатыр деген мәселе жоқ. Әзірбайжан территориялық тұтастығын қайтадан орнатуға тырысуда. 

Алайда, Арменияның Әзірбайжан қалаларына жасаған зымырандық соққылары бейбіт тұрғындардың өліміне әкелуде және бұл адамзатқа қарсы қылмыс болып табылады.
* Әзірбайжан территориясының 20%-ы шамамен 30 жылдан бері Арменияның оккупациясы астында тұр. Армения оккупацияланған территориядан кері шегінілуін талап ететін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің резолюцияларын мүлдем ескермей отыр.
* Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың 8 қазанда сөйлеген сөзінде айтып кеткеніндей, &ldquoмұздатылған&rdquo аймақтық қақтығыстарға қатысты бүгінгі таңда жұмыс істейтін қағида &ndash территориялық тұтастықтың сақталуы болып табылады.
* Аймақтағы тұрақты бейбітшілік пен тұрақтылыққа Арменияның басып алған Әзірбайжан территориясынан толық шығуы арқылы ғана қол жеткізуге болады.
* Қазақстандағы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған &ldquoсириялық содырлардың қақтығыс аймағына Түркия арқылы барып, қақтығыстарға қатысты&rdquo деген мәлімдемелері негізсіз және шындыққа жанаспайды.




Көрілген: 2292    Пікірлер: 0

жұма, 16.10.2020, 16:50

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31