Инста-Алаш

Самат Нұртаза:"Бізде (қазақтарда) көбінесе балалары әкелерінің жолын қумайды"

  • Самат Нұртаза:

    Самат Нұртаза:"Бізде (қазақтарда) көбінесе балалары әкелерінің жолын қумайды"

Зинедин Зиданның 4 ұлы да футболшы мамандығын таңдады. Ұлдары барлығы да дарынды емес екені, барлығы да әкелеріндей бола алмайтыны түсінікті. Зинедин Зиданның өзі де оны іштей білетініне күмәнім жоқ. Бірак ұлдарының осы мамандық таңдағанын қолдады және менің жеке пікірім бойынша, өзінің беделі арқылы оларды неғұрлым жақсы клубқа орналастыруға тырысады.
Осыған байланысты бір ой келді. Бізде «Ата кәсіп» деген құбылыстың үзіліп кеткенін байқауға болады. Бізде (қазақтарда) көбінесе балалары әкелерінің жолын қумайды. Дәрігердің баласы полицей болады. Полицейдың баласы мұғалім болады. Мұғалімнің баласы дәрігер болады. Әрине әр адам өз өмір жолын, өз болашақ мамандығын таңдау құқығына ие, алайда біздің қоғамға жүйелік керек сияқты. Әкесінің жолын қуған балаға әкесі де мейілінше білгенін үйретеді, мамандықтың қыр-сырын көрсете алады, шеберлігін ұштай түседі дегендей.
Сондықтан төрт түлігі сай З.Зиданның балалары генетик, саясаткер, полицей немесе дәрігер болам десе, бар мүмкіндігі қолында еді. Алайда Зидан әулеті өзінің ата кәсібін тапқан сияқты. Ал біз немесе біздің балаларымыз ата кәсібін қуа ма? Әлде басқа мамандықпен қуалап кете ме?
#Nordman

#АтаКәсіп
Энцо – жартылай қорғаушы. «Альмерия» футбол клубында өнер көрсетеді.
Люка – қақпашы. «Расинг» футбол клубында өнер көрсетеді.
Тео – жартылай қорғаушы. «Реал» футбол клубының U-19 деңгейінде өнер көрсетеді.
Элиас – жартылай қорғаушы. «Реал» футбол клубының академиясында өнер көрсетеді.. 




Көрілген: 369    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 29.06.2020, 14:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31