Инста-Алаш

Сайлаудың арқасында билік халықтың мұң-мұқтажымен танысады – саясаттанушы

  • Сайлаудың арқасында билік халықтың мұң-мұқтажымен танысады – саясаттанушы

    Сайлаудың арқасында билік халықтың мұң-мұқтажымен танысады – саясаттанушы

 Насихат жұмыстары басталды, кандидаттар аймақтарды аралауға кірісіп кетті. Қоғаммен қарым-қатынас орнатылып жатыр. Бастысы осы сайлаудың арқасында билік халықтың мұң-мұқтажымен танысатын болады. Бұл туралы саясаттанушы Асқар Нұрша Сайлау-2019 сараптамалық отырысында айтты.

Оның айтуынша, үгіт-насихат жұмыстары басталғалы барлық үміткер өздерінің бағдарламаларын жариялаған. Оның ішінде саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелер бар.


"Талдаудың нәтижесіне көз жүгіртсек, барлық кандидаттың көзқарастары әртүрлі. Оның ішінде оңшылдар мен солшылдардың жақтастары да бар. Жалпы сайлау динамикалық жағдайда біз күткендегіден қызықты өтіп жатыр. Бұған дейінгі сайлауларда Елбасы басым дауысқа ие болып келді. Бастапқыда "осы жолы да сондай болады" деп күткенбіз. Қазір бас партияның өкілі фаворит екені белгілі, дегенмен бұрынғыдай 90% жинамайды, біздің пайымымызша 60%-дың төңірегінде болады. Мәселе қалған 30-40%-ды кім алатынында болып тұр. Дауыс қалған кандидаттардың арасында қалай бөлінетіні қызық. Бұл да үлкен бәсекелестік. Бұл жерде жеке тұлғалар ғана емес, олардың бағдарламалары, сайлауалды штабы не істей алатынында және олар сайлауда қандай нәтиже көрсете алатынына байланысты", - дейді саясаттанушы.


Сонымен қатар, ол сайлауда әлеуметтік мәселелер басымдыққа ие болып отырғанын жеткізді. Осы сұрақтар қоғам үшін өте өзекті. Екіншіден, әр кандидаттың әлеуметтік мәселені шешудегі бастамалары әртүрлі көрінеді.


"Бұл жерде кандидаттың бұған дейінгі тәжірибесі байқалып қалуда. Кейде тәжірибенің жоқтығы да көрініп қалады. Өйткені олардың ұсынып отырған ұсынысынан адамның бұл мәселеге қалай қарайтыны көрініп тұр. Тоқаевты алатын болсақ, онда қадамдық ұсыныстар жасалған, мәселені шешудегі бастамалар көтерілген. Басқа кандидаттардың да жақсы мәселелерді көтеріп, шешу жолын ұсынған. Бұл сайлаудың тиімділігі сол бастамаларды, идеяларды одан әрі жандандыруды қолға алу қажет", - дейді ол.


Әділет МҰСАХАЕВ

Фото: автордан


Baq.kz




Көрілген: 571    Пікірлер: 0

жұма, 17.05.2019, 17:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31