Инста-Алаш

"Сегіз жүз теңгем болмады": Дариға Бадықова ақшадан қиналған кезін есіне алды

  • "Сегіз жүз теңгем болмады": Дариға Бадықова ақшадан қиналған кезін есіне алды

"Қазақша бизнес", "Гудбай, мой бай" сынды фильмдер арқылы қалың көпшілікке танылған актриса Дариға Бадықов мектеп бітірген кезде сыныптастарымен бірге түскен альбомды сатып ала алмағанын айтты. Оны сатып алу үшін өнер иесінің 800 теңгесі болмаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықова 11-сыныпты қалай бітіргені туралы өзінің Instagram парақшасында айтып берді. Актриса мектепті аяқтаған кезде сыныптастарымен түскен альбомды ала алмағанына қатты өкінетінін жасырмады. Өнер иесі сол кезде оны қаржы тапшылығы салдарынан сатып ала алмағанын жеткізді. "11-класс бітірейін деп жатқанда, барлық класс болып сәнденіп, виньеткаға түстік. Өкініштісі мен ала-алмадым. Себебі сегіз жүз теңгем болмай қалды. Фотограф ағаға маған шығара беріңізші, кейін ақшасын беремін деп жалындым. Бірақ фотограф көнбей шығармады. Сол виньетканы шығарған қыздар жігіттерден көргім келіп жүр. Шығарылмай қалған соң, сол кезде ренжіп көргім келмеген. Ал мына сурет Т. Жүргеновты бітірген кезде түскен виньеткам", - деп жазды актриса.

Алайда, Дариға Бадықова бұл жағдай университетте қайталанбас үшін, жоғарғы оқу орнын тәмамдағанда өзімен бірге оқыған достарымен түскен альбомды сатып алған. Желідегілер де өз бастарынан өткен ұқсас оқиғаларымен бөлісіп, өнер иесіне қолдауын білдірді. "Мен де тура осындай жағдайға тап болғанмын. Анам бізді жалғыз өсірген соң, одан ақша сұрағым келмеді", "Мектеппен қоштасу видеосына 200 теңгем жетпей қалып, оны ала алмай қалғанмын", "Бастауыш мектепті аяқтағанда барлық оқушылар үстелге жайғасқан еді. Ал мен анаммен бірге ол жерден кетуіме тура келді. Себебі, біз дастарханға ақша өткізбедік. Ол кезде әкемніңн дүние салғанына бір жыл болған", - деп жазуда көпшілік. 




Көрілген: 2457    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 31.05.2021, 14:48

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30