Инста-Алаш

Серік Аббас Шах:"Анда-санда үйдегі теледидарды сыртқа лақтырам деп күшеніп қоямын"

  • Серік Аббас Шах:

    Серік Аббас Шах:"Анда-санда үйдегі теледидарды сыртқа лақтырам деп күшеніп қоямын"

"БАЛАҒА ТЕЛЕДИДАР КЕРЕК ПЕ, БІЛІМ КЕРЕК ПЕ?”.
1995 жылы ("жердің бір жерінде") мәскеулік бизнесменмен дастархандас болдым. Өзі МГИМО-ның (Московский государственный институт международных отношений) түлегі екен. Біраз жыл бойы Сыртқы істер министрлігінде, сосын бірқатар елшіліктерде қызмет істеп, соңғы кезде бизнеспен айналысып жүр екен. Сол кісінің бір әңгімесі есте қалыпты. Ол қызмет бабымен Лондонда жүргенде бір миллионермен танысады. Ол өте ауқатты адам болса керек. Әлгі ағылшын бірде мұны дәм татып кетуге үйіне шақырыпты. "Байлығы асып-тасып жатқан" әсем ғимаратты аралап-танысқан кезде қаптаған бөлменің ешқайсысынан теледидар байқамаған жас дипломат үй иесінен мұның себебін сұрапты. Миллионер себебі мынау деп өзінің 14 жасар баласын көрсетіпті. Ағылшын ақсүйегінің "Құдайдан сұрап алған" жалғыз ұлы екен. Кәнігі мәмлігер әңгіме арасында әлгі баланың өз жасына сай емес білімпаздығын аңғарады. Үлкен бір кітапхана әлгінің миына сыйып кеткендей. Көргені аз болса да оқымағаны жоқ. Жас бала әлдеқашан "өліп қалған" көне тілдерде (кез-келген тақырып бойынша) сайрай жөнелгенде, "өмір бойы кітап кемірген" еврей басымен дипломат танысым қатты таң қалыпты. Қазақша айқанда "сегіз қырлы, бір сырлы" бала болғаны ғой. Сөйтсе, әлгі миллионер кісі баласының назары басқаға аумасын деп үйіне теледидар жолатпайды екен. Лондондық алпауыт байдың ерке ұлы уақытының көбін кітапқа емес, теледидар тамашалауға құрбан еткенде, одан 14 жасар білімпаз емес, қызыққұмар жүгермек шығар ма еді, кім білсін?
Р.S.Осы әңгімеден кейін арада жиырмапәленше жыл өтіпті. Өз үйімде де балалар өсіп жатыр. Анда-санда үйдегі теледидарды сыртқа лақтырам деп күшеніп қоямын. Әзірге лақтыра алар емеспін. Ал, балалардың қолындағы айпад пен айфон туралы ештеңе демей ақ қояйын.

С.Aб.

2013-тің күзі. 

Инстаграмдағы парақшасынан




Көрілген: 1451    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.12.2019, 12:12

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31