Инста-Алаш

Серік Аббас Шах:"Қайда қарасаң да ауырып, шаршап, жылап.... жатқан адамдарды көресің"

  • Серік Аббас Шах:

    Серік Аббас Шах:"Қайда қарасаң да ауырып, шаршап, жылап.... жатқан адамдарды көресің"

ИТАЛИЯ ДӘРІГЕРІ ДОКТОР ДАНИЕЛЛЕНІҢ ЖАЗБАСЫ

Біздің ел өте ауыр жағдайға душар болды. Ауру адамдар бақиға аттанар алдында жылайды. Ата-анасына, бала-шаға, немересіне, ағайын-туысына қош айтқысы келеді. Бірақ болмайды. Көөөп жағдайда бір үйдің екі адамы бір күнде өліп жатыр. Балалары, немерелері ақтық сапарға шығарып сала алмай, алыстан қарап қалып жатыр.

Бұл дерттен сауығып кету - мыңнан біреуі ғана. Біз жәй көмектесіп қана отырмыз. Ауруханаға барғаннан ештеңе өзгермейді, нәтижесі біреу-ақ. Ол – ӨЛІМ. Дәрігерлер, медбикелер тек жылай береді. Қолынан түк келмегені үшін өкініп жылайды.Бұл дерт кедейлерге тіпті көп тиеді.

Қайда қарасаң да ауырып, шаршап, жылап.... жатқан адамдарды көресің. Аурудан жазылмайтын адамдардың атын біз ҚЫЗЫЛ сиямен белгілейміз. Ал ол жерден сіз басқа түсті сиямен жазылған ат таппайсыз. Қазіргі жағдайда біздің елде қызыл сиялы қаламнан басқа қалам жоқ сияқты. Адам біткеннің ауруы бірдей. Баратын жері - ӨЛІМ, ӨЛІМ. ӨЛІМ. Бізде оташы..., көздің..., іштің,... әйелдердің,.. баланың... тістің... дәрігері деген жоқ. Барлық дәрігер тек коронавирустің ғана дəрігері болып өзгерді. Аурухананың барлық бөлімі адамдарға толды. Үсті үстіне қосылуда. Бірақ тексеріске кіріп қайтады. Жауабы: Ауру, ауру, ауру... Қазір ешбір ауруханада ота... анау-мынау ауруларға ем жасалмайды. Тек корона... Сене алатын емеспін. Бәрі өте тез болды... Халық шаршады...

Дәрігер менің өзім бір ай бойы үйіме барған жоқпын. Отбасымды ойлап қатты қорқып жүрмін. Балаларымды тек камерадан көремін. Суреттеріне қарап жалғыз өзім жылап отырмын.
Бұл ауру жәй ғана тұмау дейтін адамдар, сендерді қарғыс атсын.
Адамдар! Үйлеріңнен шықпаңдар. Супермаркеттерге бармаңдар. Қайдан іздесең де масканың табылмауы қауіпке апарып соқтырып жатыр. Өздерің тіксеңдер де жәй шүберектен болса да маска жасап, тағыңдар! Өздеріңді, бала-шағаларыңды, ағайын-туыстарыңды сақтаңдар....Дұрыс тамақтаныңдар.
Біздің дәрігерлердің көбі өздері ауру таратушыға айналды. Ең өкініштісі сол, адамдар өздерінің ең жақындарына таратып жатыр. Қаншама мың адам өмірінің соңғы шегіне жетті. Дәрігерлер біздің қолымыздан ештеңе келмей жатыр, бірақ қолдан келгенін жасауымыз керек. Аурудан жазып жібермесек те қиналыс, мехнаттарын сәл де болса жеңілдетуді ойлап талпынып жатырмыз. Ауру адамдар бізге ренжулі. Бірақ амал жоқ... Сіз аурудан абайлаңыз. Көп адам жиналған жерге: кино, музей, спортзал, мешіт, және тойға бармаңыз. Өтінем.

Доктор Даниэле Машини
(Итали Бергамо
Humanitas Gavatseni ауруханасы) 




Көрілген: 1314    Пікірлер: 0

сейсенбі, 17.03.2020, 10:00

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31