"Сезімім өшер емес!" Мұрат Қожаның бұрынғы әйелі жас жігітпен көзге түсті

"Сезімім өшер емес!" Мұрат Қожаның бұрынғы әйелі жас жігітпен көзге түсті

"Нұрлан мен Мұрат" дуэтіндегі әнші Мұрат Қожаның бірінші әйелі Айман Нұразхан шын ғашығын жолықтырған сияқты. Әлеуметтік желіде оның жас жігітпен қол ұстасып жүрген видеосы тарады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетсек, әнші Мұрат Қожа осыдан он жылға жуық уақыт бұрын өзіне үш қыз сыйлаған бірінші әйелімен ажырасып, екінші рет жас келіншекке үйленген еді. Оның бұрынғы жұбайы да жалғыздықтан жалыққан сияқты. Ғаламторда Айман Нұразхан мен жас жігіттің романтикалық сәті қызу талқыланып жатыр.

 

Аталған бейнежазбаға зер салсақ, Мұрат Қожаның экс-әйелі мен әлгі жігіт бір-біріне жымың қағып, "Сені күнде көру" деп аталатын хит әннің ырғағымен қол ұстасып келеді.

 

 

Қол ұстасып жүру неге арман шынымен, Айман айтшы?, — деді жас жігіт.

 

Өзіне ерекше сезімін білдірген жігіттің бұл сауалын Айман да жауап қалдырмаған.

 

Қойсаңшы, Шарапат. Дұрыстап түсіндірсеңші, — деді Мұрат Қожаның бұрынғы әйелі.

 

Мұрат Қожаның бірінші әйеліне көз салған жігіттің аты-жөні — Шарапат Нұрғали. Ол Сәкен Майғазиевтің көмекшісі көрінеді. Айманға қатты ғашық болып қалса керек, 40 жастан асқан әйелге сезімге толы өлең жолдарын арнапты.

 

Саған сезім өшер емес, өшпейді деп сенемін. Жүректің жұмсақ сәттерінде сені гүлге теңедім, — деп жауап берді әлгі жас жігіт.

 

 

Бір-біріне ынтыққан Айман мен Шарапаттың махаббатына желідегі жұрт оң бағасын беріп, армандардың орындалатынын айтыпты. Оқырмандар оларға бақыт тілеп жатыр.

 

Айта кетейік, Мұрат Қожаның алғашқы некесінен үш қызы бар. Ал әншінің екінші отбасында да кішкентай қызы мен ұлы өсіп келеді.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста