"Шаршадым". Сейфуллин Жолбарыстың жары отбасына қатысты сұраққа жауап бермейді

11 желтоқсан 2021, 13:19

Әнші Сейфуллин Жолбарыстың жары Екатерина Жолбарыс жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап беріп әбден шаршапты. Енді ол әлеуметтік желіде миын ашытып көп сұрақ қоятын оқырманын бірден бұғаттайтынын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
Осы уақытқа дейін жеке өмірімізге қатысты барлық сұрақтарға жауап беріп келемін. Тіпті арасында әдепсіз сұрақтар да болды. Оған да көндім. Енді ешқандай сұраққа жауап бермеймін. Өйткені шаршадым,
— дейді Екатерина Жолбарыс.

Екатерина Сейфуллиннен 14 жас кіші. Катя — танымал әншінің үшінші жары. Ал Сейфуллиннің өзі бұрын екі рет үйленген. Алайда қос некесі де сәтсіз аяқталды.
Экспресс К бұған дейін Екатеринаның өзінің күйеуі Сейфуллинді бұрынғы әйелінен тартып алғанын мойындайтынын жазған еді.

Экспресс К