Инста-Алаш

Шыңғыс Мұқан:"Кемел адам алғысты өзгеден сұрап ала ма?"

  • Шыңғыс Мұқан:

    Шыңғыс Мұқан:"Кемел адам алғысты өзгеден сұрап ала ма?"

Алғыс айту күні дегенді түсінбеймін. Айып етпеңіздер. Неге екенін түсіндірейін.

Біздің Ассамблеяның ниеті дұрыс болғанымен, қолданып келген идеологиялық құралдары мен ұстанымдары дұрыс емес.

Бір ұлтпыз деп бірлікке шақырудың орнына, 130 ұлтпыз деп бөледі. Көпұлттылық деген жасанды сын есім содан шыққан.

Бүгінгі мереке де осы ұстанымның нәтижесі. "Біздер мен өзгелер" деген бөліністің жарқын көрінісі. "Біздер - қазақтар, сендер - өзге ұлттар. Бізге алғыс айтыңдар. Байырғы бір заманда ата-бабаларымыз (біздер емес) бауырына басқан". Шамамен осыны меңзеп тұрмыз?.. Тоқтай тұр! Қазақстандағы өзге этностардың көбі жер аударылып келген жоқ. Тың игеруге келгендер бар. Қазақ қонысын тартып алып, басқыншылықпен келгендер бар. Үлкен ғылым мен өнер, ізгілік алып келгендер бар. Айтпағым ол емес. Кім қалай келсе де, одан бері әр этнос қазақ жасаған жақсылықты қайтарды деп ойлаймын. Егер дәстүрлі логикасымен ойласақ. Ал шын мәнінде бұл логика мүлдем дұрыс емес.

Ешкім ешкімге қарыз емес. Бір топқа бір топ жоспарлы түрде алғыс айтудан жасандылық аңқып тұр. Сүйіспеншілік көрмей, теперіш көріп өскен баланың тірлігі сияқты. Әр нәрседен мейірім күтетін, алғыс күтетін. Кемел адам алғысты өзгеден сұрап ала ма? Жалпы, шын алғыс тіпті айтылмайды. Адамның ниеті мен мінез-құлқы айтып тұрады. Күнделікті іс-әрекетінін көрініс табады.

Алғыс айту күнінен гөрі, маған Қазақ(стан) халқының бірлігі күні ұнайды. Ассамблеяға тойлайтын дата керек болса, "көп этностар қазақ ұлты болып біріккен күн" деп 1 мамырды таргеттеу керек. "Қазақ ұлтының бірлігі күні" деп қайта аталсын. Тегін идея керек болса. "Халық" деген сөздің өзі сәннен шығып бара жатыр. Төл сөзіміз болғанымен, Кеңес өкіметі промоушн жасаған лексика болған соң, оның идеологиялық семантикасынан секем алушылар көп.
Сонымен, "халық" деген сөзді емес, "ұлт" деген жаңа да ескі сөзді ұстанар болсақ, онда былай: сайын даланы ру-ру болып жайлаған бабаларымыздың кезінде даналығы жетіп, umbrella term қалыптастырып, бір этнонимнің астында бірікті. "Талайлы тарих тоғыстырған этностар да болашағын Қазақстанмен байланыстырғысы келсе, көп этностар бір ұлтқа - қазақ ұлты деген ұғымның төңірегіне бірігейік" деп месседж тасталса.
Жеке пікірге бола, кезінде ура-урамен өтіп кеткен атаулы күнді ешкім алып тастай қоймас. Бүкіл мемаппарат пен Ассамблея күшеніп, "алғыс айта қойыңдаршы" деп өтетін атаулы күн өтер-ау бірдеңе етіп, бірақ оның астарында "біздер - өзгелер" деген ыдыратушы қауіпті элемент жатыр.
Бұл күн өміршең болуы мүмкін, егер этнос аралық алғыс емес, адамның адамға алғысы - баланың ата-анаға, бауырлар, ағайын-тума, ұстаз бен шәкірт, көршілер арасындағы алғыс айту күніне трансформацияланса... Мереке қажет. Мерекенің ұлтты біріктіруші қасиеті бар. Десе де, кез келген мереке бұйрықпен бекітілмес бұрын, ел арасына кеңінен тарап, дәстүрге айналып, ел-жұрт жүрегінен орын алуы тиіс. Бізде ондай мерекелер баршылық. Наурыз, батыс өңірінде Амал мерекесі, Құрбан айт, міне осындай халықтық сипатқа айналу оңай емес. Мәселеге осы тұрғыдан қарасақ, бұл күннің болашағына күмәнім бар. Сондықтан, бұл мерекеде өзге этностардан алғыс күтпеңіз. Керісінше, өзіңіз қарыздар адамдарға, ұлтына немесе басқа да өзгешіліктеріне қарамай, алғыс айтыңыз. (Суреттің бұл постқа қатысы жоқ))) 

Инстаграмдағы парақшасынан




Көрілген: 629    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 02.03.2020, 07:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31