Инста-Алаш

ШЫҰ миссиясы Қазақстандағы президент сайлауына баға берді

  • © AP Photo / How Hwee Young

    © AP Photo / How Hwee Young

ШЫҰ бақылаушылары миссиясының басшысы – ұйымның бас хатшысы Владимир Норов Қазақстан президенті сайлауын бақылау жөнінде есеп берді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.


"Миссия Қазақстанда өткен президент сайлауын сенімді әрі ашық деп мойындайды. Кезектен тыс президент сайлауы республиканың сайлау заңнамасы мен ел қабылдаған халықаралық міндеттемелердің талаптарына сай келді. Мисия кезектен тыс сайлаудың заңдылығына күдік келтіретіндей ұлттық заңнама нормаларының бұзылғанын байқамады", - деді Владимир Норов Нұр-Сұлтан қаласындағы баспасөз мәслихатында.


Ол сондай-ақ кезектен тыс сайлау елдегі демократиялық үдерістерді одан әрі дамыту жолында маңызды қадам болғанын атап өтті.


"Миссия Қазақстан халқын республика президентінің сайлануымен құттықтайды, тәуелсіздікті, егемендікті нығайтуда сәттілік, жаңа жетістіктер мен гүлдену тілейді", - деді ШЫҰ бақылаушылар миссиясының басшысы.


Сондай-ақ Норов шағымдар мен ескертулер түспегенін атап өтті.



Бұдан бұрын хабарланғандай, Шанхай ынтымақтастық ұйымының миссиясынан 28 адам бақылау жүргізді.


ШЫҰ миссиясы сыртқы істер министрінің шақыруымен Нұр-Сұлтанда жүр. Қазақстандағы кезектен тыс сайлауды бақылау ұйымның 48-ші миссиясы болды.


Естеріңізге сала кетейік, кезектен тыс Қазақстан президенті сайлау 9 маусымда өтті. Мемлекет басшысы лауазымына жеті кандидат таласты. Exit poll қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев көш бастап келеді.


 




Көрілген: 400    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.06.2019, 11:09

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    6 Қаңтар, 12:37
    Ең шулы киім үлгілері

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31