Тағы бір танымал вайнер жауапқа тартылды

04 мамыр 2022, 17:41

Белгілі қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек (Sekavines) әлеуметтік желіде видео жариялағаннан кейін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Вайнер көлікті қауіпсіздік белдігін тақпай жүргізген.

 

Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне тексеріс жүргізу тапсырылғанын хабарлады.

 

"Құқық бұзушы анықталды – 29.12.1987 жылы туған Т. деген азамат Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 593-бабы екінші бөлігінде (Қауіпсіздік белдігін пайдалану ережесін сақтамау) қарастырылған әкімшілік құқықбұзушылықты жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды", - деді Рустам Әбдірахманов.

 

 

Вайнерге 10 АЕК (30 мың теңгеден астам) көлемінде айыппұл салынды.

 

Бұған дейін  «MUDARABAН CAPITAL» қаржы пирамидасына қатысы бар деген күдікпен вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамауға алынған болаты.