Тамара Асар аураханаға түсіп қалды

15 мамыр 2023, 09:52

Осыған дейін отандық әнші Тамара Асар ауруханаға түсіп қалғанын айтқан болатын. Ал бүгін өнер иесі көпшілікке қазіргі жағдайы жайлы баяндап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында жариялады.

 

«Кеше арнайы тексеру жасалды. Қорытындысын күтеміз. Бұйырса, жүгіріп, ұстатпай жүрейін», — деді Тамара Асар.

 

Айта кетейік, осыған дейін әнші Тамара Асардың ауруханаға түскені туралы хабар тараған болатын.

 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 45 жасында ана атанған Тамара Асар алғашында жүктілігі жайлы хабарды көпшіліктен жасырғанын айтты. Әнші аяғының ауыр екенін білгенде қуанышын жариялауға ұялған.