Тамара Асар көпшілікке алғаш рет қызын көрсетті

09 наурыз 2022, 12:39

Әнші Тамара Асар алғаш рет сәбиін көпшілікке көрсетті. Ол 8-наурыз мерекесіне орай қызымен түскен суретін жариялап, әйелдер қауымын құттықтады, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі. 

Асар қызы Ажармен түскен суретін жариялады. Онда анасы мен қызы қызыл түсті киім киген. Әнші аталған суретпен бірге әйелдер қауымына жылы лебізін жеткізді. 

"Әлемді әдемілігімен әлдилеген әйел затының әсем мерекесі 8 наурыз құтты болсын!

Барша ақжаулықты аналарды, жеңгелерді, апайларды, апаларды, келіндерді, құрбыларды, сіңлілерді, шәйқұяр бөпелерді шын жүректен құттықтаймыз!
“Әлсіз ғой” деп аялайтын ерлердің мәңгі музасы болайық. Олар қорғанымызды мықтасын, біз орманымызды түптейік.

Алла бізге лайымда бейбіт күннің бесігін тербетуді мәңгіге еншіге берсін.
Жасымызға қарамай әрбір қызжүрек жан БАҚЫТТЫҢ базарында шалқиық. Әмин", - деп жазба қалдырды әнші.