Инста-Алаш

Телефоннан тек жамандық таратылатын болды!

  • Телефоннан тек жамандық таратылатын болды!

    Телефоннан тек жамандық таратылатын болды!

Қорқынышты... Қазір әлем күйзеліс толқынында тұр... Өрт, жер сілкінісі, су таскыны, авария... Өлім көп...

 

Кеше ғана 5 адамның қайтыс болғаны туралы хабар келді.

 

Мұның бәріне корона вирус кінәлі деп ойлайтын шығарсыз..Жоқ! Осы 1 айдың ішінде төрт адам асылып қайтыс болды!

 

Осы тамыз басталғалы таныс, туыстарымның ішінен 7 отбасы ажырасыпты... Бәрін танимын, білемін.. Білмейтіндерім қаншама екен!

 

Адам баласы үшін ең қорқынышты нәрсе-жалғыздық! Жалғыздық дегеніміз жалғыз қалу емес! Жан дүниеңді түсінетін адам таппау! Сырласатын адамға мұқтаж болу..!

 

Көп нәрсеге кінәлі телефон.. Телефоннан тек жамандық таратылатын болды! Бір-бірін қарғап сілеп жатқан жұрт.. Телефондағы жұрттың бәрі бақытты, жалғыз сен бақытсыз сияқтысын..

 

Телефон жанымыздағы бала-шағамыздан алыстатты.. Күйеуінен тығылып инстада отыратын әйелдер. Әйелінен тығылып қыз аңдыған еркектер. Әке-шешеден тығылып төбелес көретін балалар.. Жалғызсырамағанда қайтеміз?!

 

Қазір екінің бірі депрессияда.. Қаптаған психологтар соның дәлелі.. Яғни адамдар психикалық әлсіздікпен күресіп жатыр..

 

Есіңізде болсын, адам ешқашан жалғыз болмайды... Не Алламен дос, не шайтанмен дос! Адамды депрессияға кіргізетін шайтан.. Ауырып калсан өлесің деп қорқытады! Ұрсысып қалсаң ажырасасын деп қорқытады. Қиындықты жеңе алмайсын деп коркытады...

 

Жапанда жалғыз қалған адам қалай қорықса Алладан алыстаған адам тура сондай қорқақ болады... Қорқақ адам өлгісі келіп тұрады.. Жаныңыз жабырқаса жайнамазға жабысыңыз... Жайнамаздың үстіндегі Алламен сырласу мың психологиялык терапиядан артық!

 

Адам қиналғанда "Мені осынша жылатып Алла қайда қарап отыр" дейді...

 

Құранда : "Алладан бұйрықсыз ешбір қайғы-қасірет болмайды" ("Тағабун" сүресі, 11-аят) Шындығында Алла сынақты сүйген құлына береді! Не үшін! "Мен сені жараттым, олай болса маған жақында, мен сені мейіріміме бөлеймін, менен ғана сұра" деп береді...

 

Шындығында Алласын тапқан адамнан асқан бакытты жан жоқ!

 

 

 

Айнұр Тұрсынбаева

Instagram парақшасынан




Көрілген: 2051    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.08.2021, 11:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31