Телефоннан тек жамандық таратылатын болды!

Телефоннан тек жамандық таратылатын болды!

Қорқынышты... Қазір әлем күйзеліс толқынында тұр... Өрт, жер сілкінісі, су таскыны, авария... Өлім көп...

 

Кеше ғана 5 адамның қайтыс болғаны туралы хабар келді. Мұның бәріне корона вирус кінәлі деп ойлайтын шығарсыз..Жоқ! Осы 1 айдың ішінде төрт адам асылып қайтыс болды! Осы тамыз басталғалы таныс, туыстарымның ішінен 7 отбасы ажырасыпты... Бәрін танимын, білемін.. Білмейтіндерім қаншама екен!

 

Адам баласы үшін ең қорқынышты нәрсе-жалғыздық!

 

Жалғыздық дегеніміз жалғыз қалу емес! Жан дүниеңді түсінетін адам таппау! Сырласатын адамға мұқтаж болу..!

 

Көп нәрсеге кінәлі телефон..

 

Телефоннан тек жамандық таратылатын болды!

 

Бір-бірін қарғап сілеп жатқан жұрт.. Телефондағы жұрттың бәрі бақытты, жалғыз сен бақытсыз сияқтысын..

 

Телефон жанымыздағы бала-шағамыздан алыстатты.. Күйеуінен тығылып инстада отыратын әйелдер. Әйелінен тығылып қыз аңдыған еркектер. Әке-шешеден тығылып төбелес көретін балалар.. Жалғызсырамағанда қайтеміз?!

 

Қазір екінің бірі депрессияда.. Қаптаған психологтар соның дәлелі.. Яғни адамдар психикалық әлсіздікпен күресіп жатыр..

 

Есіңізде болсын, адам ешкашан жалғыз болмайды.. Не Алламен дос, не шайтанмен дос!

 

Адамды депрессияға кіргізетін шайтан.. Ауырып қалсан өлесің деп қорқытады! Ұрсысып қалсаң ажырасасын деп қорқытады. Қиындықты жеңе алмайсын деп қорқытады..

 

Жапанда жалғыз қалған адам қалай қорықса Алладан алыстаған адам тура сондай қорқақ болады..Қорқақ адам өлгісі келіп тұрады..

 

Жаныңыз жабырқаса жайнамазға жабысыңыз..

 

Жайнамаздың үстіндегі Алламен сырласу мың психологиялық терапиядан артық!

 

Адам қиналғанда "Мені осынша жылатып Алла қайда қарап отыр" дейді..

 

Құранда : "Алладан бұйрықсыз ешбір қайғы-қасірет болмайды" ("Тағабун" сүресі, 11-аят)

 

Шындығында Алла сынақты сүйген құлына береді! Не үшін! "Мен сені жараттым, олай болса маған жақында, мен сені мейіріміме бөлеймін, менен ғана сұра" деп береді...

 

Шындығында Алласын тапқан адамнан асқан бакытты жан жок!

 

 

 

Айнұр Тұрсынбаева

Instagram парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста