Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Төреғали Төреәлі темір тордың арғы жағынан тыңдармандарына үндеу жолдады

20 желтоқсан 2022, 14:51

Танымал өнер жұлдызы өзінің әлеуметтік желілері арқылы көрермендеріне мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Әнші Төреғали Төреәлі өзінің Instagram-дағы парақшасы арқылы жаңа әні мен клипін таныстырды.

 

Оның айтуынша, "ұрпағым жылынсын деп өздерін отын еткен, келешегім кеңістікте жүрсін деп өздерінің ғұмырын абақтыда өткізген ата-бабаларымыз аз емес".

 

Тәуелсіздік күнін күліп тойлап отырсақ, фәниден жылап өткен жақсы-жайсаңдардың арқасында деп білемін. Ұлы далада тұлпардай кең көсілген жылқы мінезді қазақ тұсау мен кісен көрмей мәңгілікке еркін болғай! — дейді әнші.

 

 

Бұл Төреғали орындаған жаңа әннің бейнебаяны екен. Оның сөзін белгілі айтыскер Ринат Зайытов, әуенін Ерген Айтымбетов жазған. Ал бейнебаян әнші Мейрамбек Бесбаевтың идеясы бойынша түсірілген.