Төреғали Төреәлі тойда жас қызбен көзге түсті

03 тамыз 2022, 09:24

Әр қадамы жұрт назарынан тыс қалмайтын атышулы әнші Төреғали Төреәлі тағы да елдің аузында, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Бұл жолы Төреғали тойда бейтаныс қызбен көзге түсті. Видео Instagram-дағы Qaz.stars парақшасында жарияланды.

 

Алматыдағы мейрамханалардың бірінде ұйымдастырылған тойда Төреғали Төреәлі ән салады. Кейін ол сахнадан түсіп келе жатқанда оның қасына бейтаныс ару келіп бетінен сүйіп алады. Абдырап қалған әнші жас қыздың әрекетіне ұялғандай болды. Бірақ бұл Төреғалиге ұнаған сияқты. Сұлу бойжеткенге күлімсіреп қояды.

 

Қыздар мен сендерді жақсы көремін. Тек Толқын ұрсады, — дейді Төреғали Төреәлі.

 

 

Әншінің жанында бейтаныс қызды байқаған желідегі жұрт оларды сынап жатты.

 

"Біреудің күйеуін сүюге болмайды". "Толқыннан таяқ жейсің", "Төреғали қыздарға бетіңді сүйдірме", "Мына қыз кім екен?", — деп жазды желі қолданушылары.

 

Атышулы әншінің бүгінде бес баласы бар.