Инста-Алаш

Төреғали Төреәлі: "Тіпті мемлекеттің қорғауына алып,қамқорлық көрсетсе де артықтық етпейді,себебі мұндай феномен қазаққа енді қашан келетінін Құдай білсін!"

  • Төреғали Төреәлі:

    Төреғали Төреәлі: "Тіпті мемлекеттің қорғауына алып,қамқорлық көрсетсе де артықтық етпейді,себебі мұндай феномен қазаққа енді қашан келетінін Құдай білсін!"

ДИМАШ.
Көп айтуды,артық таныстыруды қажет етпейтін азамат.
Қазақстанның әлемдік деңгейдегі иммиджіне жүздеген жоба,миллиондаған,миллиардтаған ақша салынды,салынып жатыр.
Әрине мемлекеттің ол жұмысы да нәтижесіз емес, десе де соңғы екі-үш жылдағы Димаштың шыққан биігі біздің елімізді қандай биікке көтергенін бәріміз көріп отырмыз.

Жиырмасыншы ғасырдағы Әміре атамыздың Францияда өнер көрсетуі,қазақ әнінің кереметіне әлем халқын ұйытып, тыңдатуы бір құбылыс болды,бірақ ол кезде біз бодандық бұғауында бұлқынып өз мүмкіндігімізді толық көрсете алмадық.
Ақыры сол сапары қайталанбас әншінің басына сор болып жабысып,тағдырын тәлкекке салған деседі.
Ла-Скалада ән салған тұғыш қазақ- Амангелді Сембин еді.
Өкінішке орай ол ағамызда қарымын толық жаза алмай,көп арманы ішінде қалды.
Саяси жағдайлар араласып кеткенге ұқсайды.
Енді жиырма бірінші ғасырда жарқ етіп әлем аспанын ән шұғылысына бөлеп,анау-мынау адамның басы айналатын биікке көтерілген-Димаш бауырымыз болды.
Бұған бәріміз қуандық һәм тілекшіміз.
Оны да сан-саққа жүгіртіп,алып-қашпа әңгімеге айналдырып алатын қазақылығымыз да қалмай біраз жерге дейін еріп келді.
Бірақ ол үшін Димаш бізге өкпелеген жоқ, тек өз ұлтын қалай сүю керектігін,оған қалай құрмет көрсетіп,қызмет жасау керектігін іспен дәлелдеп келе жатыр.
Димашты сырттай менімен,Қайратпен салыстырып,аракідік от салып отыратын пікірлерді көріп қалып,қынжылып қаламын.
Біз Қайрекең екеуміз де Димаш бауырымыздың және сол сияқты еліміздің талантты ұл-қыздарының тек тілеуқор,жанашыры екеніміз Аллаға аян.
Ешқашан бақ таластырып,бақастық туралы ойлап көрмеппіз.
Тіпті Димаштың әкесі Қанат ағамен менің әкемнің достығы,жолдастығы сонау Ақтөбеден бастау алғанын біреу білсе,біреу білмес.
Ол әңгімеге арнайы тоқталамыз.
"Керуеннің жолы бір болғанымен,несібесі әртүрлі" деген қазақ.
Бауырымызды тіпті мемлекеттің қорғауына алып,қамқорлық көрсетсе де артықтық етпейді,себебі мұндай феномен қазаққа енді қашан келетінін Құдай білсін!
Бүгінгі туған күнің құтты болсын,Димаш!
Өзіңде тегін жігіт емессің ғой,туған күнің Айт мерекесімен тұспа-тұс кепті.
Арғы аталарыңның Айтпай екенін ескерсек бұл мерекенің де саған қандай ыстық екенін білемін.
Алла жолыңды ашық қылсын бауырым!!! 




Көрілген: 1743    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.05.2020, 08:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31