Төртінші рет тұрмысқа шыққан Айнұр Нұрсейіт жүкті екенін хабарлады

03 тамыз 2022, 15:05

Сәуір айында төртінші рет тұрмысқа шыққан Айнұр Нұрсейіт жүкті екенін хабарлады. Ол үшінші перзентін күтіп жүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Құрсақ көтергеніне бірнеше ай болған Айнұр видео жариялап:
"Өздеріңіз де түсінгендей, құттықтаулар қабылдаймыз",  – деп жазды.

Әріптестері мен оқырмандары Айнұрды жарыса құттықтады. 
Айта кетейік, 2022 жылдың сәуір айында Айнұр Нұрсейіт төртінші рет тұрмыс құрды. Алдыңғы үш некесі сәтсіз аяқталған блогердің екі перзенті өсіп келеді.