Тойда жігітті көтеріп алған қыз жұртты таңғалдырды

01 мамыр 2022, 15:22

Әлеуметтік желіде жігітті көтеріп алған бойжеткеннің видеосы қызу талқыланып жатыр. Бейнежазба Instagram-да жарияланды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Видеода мейрамханадағы қуанышты сәттен көрініс түсірілген.

 

Онда сахна ортасында ойынға шыққан қыз-жігіттер тұр. Бір сәтте солардың арасындағы бір қыз жігіттің қолтығынан ұстап, көтеріп алады.

 

Ал бұлардың қасындағы басқа жігіт керісінше қызды көтеріп тұр.

 

Жігітті көтеріп алған қызға қайран қалған қонақтар ду қол шапалақтап жатыр. Тіпті біреулері ысқырып қолдау көрсетеді.

 

 

Бейнежазбаның қашан, қай қалада түсірілгені бегісіз.

 

Алайда жігітті көтерген мықты қыз желіде қызу талқыланып жатыр.

 

Бірі "Жарайсың" деп қыздың күшінің көптігіне таңғалса, енді бірі "Қазіргі жігіттер ұсақталып кеткен", "Жігіттер нәзік қой. Қазір қыз бен жігіттің орны ауысып кеткен сияқты" деп пікір жазған.