“Түкіргенім бар”: Айгүл Мүкей өзіне сын айтқандарға жауап берді

18 қараша 2021, 14:31

Айгүл Мүкей соңғы кезде желіде белсенділік таныта бастады. Тик-токта да, инста әлемде де көзге түсті. Желідегілердің бірі оны қолдаса, енді бірі жасы келген деп сын айтты. Бұған тележүргізушінің өз жауабы бар.

“Мен туралы көпшілік түрлі пікір жазады. “Жасына қарамай не істеп жүр?” дейді. Мен қалай әрекет ететінімді айтайын. Мен ашуланамын, ренжітемін, бірақ ұзақ уақыт алаңдамаймын. Білесіз бе, мен өзіме мүлдем ғашық емеспін, мен олардың көп мақтағанын ұнатпаймын. Мен өзіме сүйсініп таңғалмаймын, сондықтан фотосессия көп жасамайтын шығармын. Бірақ, бәрібір - мен жүргізушімін және актерлік білімім бар. Сондықтан - сахна, экран, инстаграм және тик-ток мені әрқашан өзіне тартады. Айгүл, кел, кел деп. Көрсетпейсің бе өз өнеріңді дейді”, – деп жазды тележүргізуші парақшасында.

Журналист өзі жайлы артық ауыз сөз айтып, уақытын жоғалтатындарға таңдансын жасырмайды. Олар пікір жазып уақыт өлтірсе, мен уақытымды пайдалы дүниеге бөлемін дейді. 

“Мен ашулымын, бірақ мен бұл туралы шамамен 20 минут қана ойлаймын. Сосын бір түкіремін де, әрі қарай жүремін. Ал ғайбат айтатын, таласатын, талқылайтындарды шынымды айтсам түсінбеймін. Менің оларға уақытым жоқ. Мен басқа нәрсе үшін, шығармашылық пен қозғалыс үшін жұмыс істеймін. Барлығына махаббат пен сәтті күн тілеймін”, – дейді тележүргізуші. 

stan.kz