Түрік жігіттерінің алдында бөксесін бұлғаңдатып билеген Нәзима елге жақпай қалды

04 тамыз 2022, 17:42

Танымал әнші Нәзима Жәнібекова талдырмаш мүсінімен ерлер қауымын өзіне қаратты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Өнер иесі дәл қазір Түркияда демалып жатыр. Мың бұрала билеген сәтінен түсірілген видеоны әншінің өзі Instagram-дағы Stories бөліміне жүктеген.

 

Бұл жолы әнші әр сәтін қызықты өткізуге тырысып бағуда. Күндіз күнге қыздырынып, суға түссе, ал түнде би кештерінен қалмайды.

 

Сондай көңілді кештердің бірінде Нәзима түрік жігіттерінің ортасында қысқа шұбар ала көйлек киіп алып, бөксесін бұлғаңдатып билеп жатыр.

 

Тіпті сексуалды биіне әншінің өзі балаша қуанып жүр.

 

 

Шымкенттің тумасы Нәзиманың алғашқы некесінен бір қызы барын айта кетейік.

 

Бүгінде әншінің басы бос. Өнер иесі екінші рет отбасын құрғысы келетінін бұған дейін бірнеше рет айтқан болатын.

 

Қазір ол өзіне лайықты жар іздеп жүр. Бірақ ол өз махаббатын асықпай күтуге әзір екенін алға тартты.