"Түймелері ашық". Көлікте жігітімен көңіл көтерген Шахизада көзге түсіп қалды

09 тамыз 2022, 15:39

Шахизада мен оның жанында жүрген жас жігіті тағы да елдің аузында. Бұл жолы олардың оңашада отырған романтикаға толы видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада Шахизада мен жас жігіт көлікте келе жатыр. Бір-біріне қиыла қараған олардың көңіл-күйі көтеріңкі.

 

Жасы 60-қа тақаған Шахизада романтикалық әннің ырғағына тербеліп, қасындағы ер адамға жымыңдап қарайды.

 

Сондай-ақ, желі қолданушылары жас жігіттің көйлегіндегі түймелері ағытылғанын аңғарған. Мұны көрген көпшілік көліктегі екеуді ғашықтарға балап, олар жайлы түрлі пікір жазыпты.

 

 

"Жас жігіт 62 тамырын жүргізіп, жанын шығарып жүрген шығар. Мәз!", "Араларында болған ғой. Көйлектің түймесі ашық", "Фу, жиіркенішті. Өзінің жасына сай еркек табылмады ма? Альфонс", "Ақша үшін жүргенін түрі айтып тұр ғой", — деп сынады желі қолданушылары.